Зұлқарнайынның айласы

Жексенбі, 07.05.2017
Зұлқарнайынның айласы

Жауыздықпен кісі өлтіріп, қолын қанға бояған адам қоғам алдында да, Алланың құзырында да қылмыскер. Мұндай адам бұл өмірде жасаған қылмысы үшін қапасқа қамалса, ақыретте Алланың жазасын тартады. Осылайша, адам өлтірген кісі екі дүниеде де оңбайды. Ескі діни кітаптарда адам өлтіріп, кейін қылмысы әшкере болып, масқара өліммен жазаға тартылғандар туралы мынадай қисса келеді:

 

Ескендір Зұлқарнайын заманында екі адам бір сұлтанды өлтіріп бой тасалаған екен. Адам өлтіріп әккі болған қылмыскерлерді ұстай алмай әлек болған Ескендір айлаға көшеді де: – Мұны істеген адам, расында тұлға болуға лайық. Егер ол адамды білсек, оған лайық сыйын береміз және адамдардың үстіне көтереміз! – деген жарлық шығарады. Ескендердің бұл жарлығын естіген екі қанішер «марапатқа қарық болайық» деген арам оймен оның алдына келеді. Ескендір патша ол екеуіне: – Мен, «Оған лайық сыйын береміз», – деп астарлап сөйлеген едім. Патшасын өлтірген адамның лайық сыйлығы  – өлім жазасы. Ал енді «Адамдардың үстіне көтереміз» дегенім, мен сен екеуіңді мүмкіндігінше ең ұзын ағашқа қағып, іліп қоямын, – деп екі қылмыскерді дәл солай жазаға тартыпты.  

Гүлнар ЖАЛАДИНҚЫЗЫ

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 1291 рет
JoomShaper
Top