Жаңалықтар

Франция ислам дініне тыйым сала ма?

Чардонның айтуынша 2017 жылы болатын елдегі Президент сайлауында Чардон мүшелік ететін партия жеңіске жетсе Ислам дініне толық тыйым салуға мүмкіндік тумақ.

«Ле Монде» газетіне берген сұхбатында Роберт Чардон: «Францияның елдегі діни шиеленістердің бір ғана шешімі бар ол — Исламға толықтай тыйым салу. Қазіргі таңда Николя Саркази тараптан бұл бастамаға ұсыныс түсіруді көздеп отырмыз» деді.

Ұлтаралық комитеттің төрағасы Абдулла Закари өз кезегінде: «Франция секілді демократиялық мемлекетте қала әкімі тарапынан белгілі бір дінге қатысты мұндай жала жабу орынсыз. Бұл зайырлы мемлекеттің ұстанымына тікелей қарама-қайшы» деп мәлімдеді.

Ескере кетсек, Францияда 2015 жылдың алғашқы 3 айында мұсылмандарға қатысты шабуылдар мен қоқан-лоққы көрсету жағдайлары 222-ге жеткен. Сонымен қатар Франция халқы қаңтар айында «Charlie Hebdo» баспа үйіне қарсы шабуылдан кейін, мұсылмандардың мешітіне, қабірлеріне 3 күн бойы бұзақылық шабуылдар ұйымдастырған еді.   

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close