Жаңалықтар

Этникааралық келісім — қоғамдық тұрақтылықтың кепілі

Ол бұл ойын «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің Талдықорған қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен кездесуі барысында жеткізген. «Этникааралық және конфессияаралық келісім, әсіресе, бүгінгі заманғы әлемдік қаржы-экономикалық ахуалының күрделілігі мен ғаламдық сын-тегеуріндердің артуы жағдайында қоғамдағы тұрақтылықтың  бұлжымайтын шарты мен оның бірлігінің факторы болып табылады», — деп атап өтті Егор  Молодцов. Жас белсендінің пікірінше, этникааралық келісімді нығайтудағы жастардың атқаратын рөлі айтарлықтай маңызды. «Жастар ұлттық саясаттың, ұлттық және мәдени көпалуандылықтың маңызын түсінуі тиіс. Біздің еліміздің күші мен артықшылығы ғасырлар бойы түрлі дәстүрлер, мәдениеттер, түрлі этностар сіңірген көпалуандылықта жатыр. Тап осындай бірін-бірі толықтырудың арқасында ол дамыды, өзіндік ерекшелігін нығайтты. Сондықтан да біз алдымызға – өзінің шығу тегі мен тарихын қадірлейтін, Отанын сүйетін рухы биік тұлғаны тәрбиелеу мақсатын қоямыз», — дейді Егор. Сондай-ақ, ол Қазақстан халқының барлығын біріктіретін фактор ретіндегі қазақ тілін үйренуді  жастардың бойына сіңірудің маңызды екенін де айтады. 

Қаперіңізге салайық, бүгін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен Алматы облысына барды. Жұмыс сапары барысында ол «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ХІV есептік-сайлау конференциясына қатысып, оған қатысушылар «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» жолдауында белгіленген Жаңа Экономикалық Саясаттың басымдықтарын талқылады. Оның сыртында, партия Төрағасының бірінші орынбасары облыстағы Қазақстан халықтары ассамблеясы мүшелерімен және «Партияның 50 тұлғасы» жобасының қатысушыларымен кездесті. 

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close