Ислам дінінде әйел адамға етеккір кезінде Құран оқуға тиым салынған.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) хадисінде: «Бой дәретсіз кісіге және етеккірі келген әйелге Құраннан ешнәрсе оқуына болмайды», – деп айтқан (Ибн Мажә, Сүнән). Яғни, Құранды кітапқа қарап та, жатқа да оқуына болмайды. Құран аяттарын жазуына да рұқсат жоқ. Бірақ, аса қажетті жағдайларда тек қана кейбір сүрелер мен аяттарды дұға ретінде айтуға болады.
Ал, тәспі тартуға келер болсақ, етеккір кезінде қыз-келіншектерге бұған ешқандай тиым салынбаған. Қайта керісінше, мұндай уақыттарда тәспі тарту, зікір айту секілді құлшылықтарды көптеп орындауы абзалырақ саналады.