Cіз білесіз бе?

Ғұсылдан кейін қосымша дәрет алу шарт па?

 

Әссәләмуғалейкум!Сауалым ғұсыл туралы. Жалпы, ғұсыл алғаннан кейін дәрет алу шарт па, әлде алмаса да бола ма? Әлде міндетті түрде ғұсылға дейін алу керек па?  Саят Сартбаев.

Уағалейкумуссалам, Саят! Ғұсыл құйынып, ауыз-мұрныңызды шайқаған болсаңыз, одан кейін дәрет бұзатын жағдайлардың бірі болмаса, қайта дәрет алудың қажеті жоқ. Өйткені, ғұсыл құйыну арқылы дәретте жуылуы керек жерлер де жуылып отыр. Тек ғұсылға бастамас бұрын дәрет алып алу – сүннет[1]. Сахих Бухариде Айша анамыздан келген бір хадисте, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ғұсыл құйынбай тұрып, дәрет алатындығы айтылған[2].  

[1] Әл-Мәйдани, әл-Лүбәб – 1/15 бет.
[2] Сахих Бухари, Китабуль Ғусл – 10 баб/248-хадис.

Абдсамат Қасым

 

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close