Оқу орнының толық атауы:«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислами діни бірлестігінің «Һибатулла Таразимедресесі» жеке мекемесі
Мекен жайы:Тараз қаласы, Төле би даңғылы, №89 «Б»
Құрылған жылы: 2012 жыл
Меншік түрі:Жеке мекеме.
Байланыс телефондары: Тел: 8 (7262) 57-18-64
Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2012 жылы 29 желтоқсанда №11938-1919-М-е нөмірімен «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислами діни бірлестігінің «Һибатулла Тарази медресесі» жеке мекемесі ретінде тіркеуден өтті.
Оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай. Оқу жоспарына сай шәкірттер дәріс тыңдап, практикалық, зертханалық сабақтарға қатысады, өзіндік жұмыспен айналысады, аралық бақылау барысында курстық жұмыстар, сынақ, емтихан тапсырады.
Медреседегі оқу үдерісі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан бекітілген және ҚР БҒМ-мен келісілген экспериментальды оқу жоспарының негізінде жүргізілуде. Оқу бағдарламасына діни пәндермен қатар зайырлы пәндер де енгізілген. Барлық оқу пәндерінің жұмыс жоспары ҚМДБ Оқу-ағарту бөлімі тарапынан әзірленген.
Медреседе штат бойынша 10 оқытушы сабақ береді. Әрбір оқытушының өз пәндеріне арналған Жұмысшы оқу бағдарламасы, дербес жұмыс жоспарлары жасалған. Штаттық жылдық оқу жүктемелері медресенің оқу бөлімі тарапынан бекітілген.
Екі қабатты медресе ғимаратының бірінші қабатында асхана, дене шынықтыру залы, тәрбиешілер бөлмесі, өндірістік бөлме және медресе талаптарына қажетті басқа да бөлмелер қарастырылған. Екінші қабатта бірнеше дәрісхана, жатақхана бөлмелері, мәжіліс залы орналасқан.
Медресенің кітапханасының қорында 1500-дан астам діни кітаптар шоғырланған. Кітапханадағы оқырман үстелдері толық компьютерлермен жабдықталған.
Қазір медреседе 19 шәкірт білім алуда.