Қазақстанның діни бірлестік өкілдерінің жиналысы отырысына қатысушылардың Қазақстан халқына үндеуі

Жұма, 28.08.2015
Қазақстанның діни бірлестік өкілдерінің жиналысы отырысына қатысушылардың Қазақстан халқына үндеуі

Біз, Қазақстан Республикасының Конституциясының 20 жылдығын мерекелеу қарсаңында өтіп отырған Қазақстанның діни бірлестіктері өкілдерінің жиналысы отырысына қатысушылар

 

  • Ұлт Көшбасшысы – Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығы ең жоғары құндылық болып табылатын ортақ мақұлданған конституциялық нормалар мен қағидаттар негізінде Қазақстан Республикасындағы конфессияаралық келісімді қамтамасыз етуге бағытталып отырған саясатын толығымен қолдай және мақұлдай отырып,
  • өркениетаралық, дінаралық және конфессияаралық диалогқа, тағаттылық, бейбітшілік пен келісім идеяларына айрықша мән беретін зайырлы мемлекет пен оның басшысының рөлін ерекше атай отырып,
  • Конституцияны біздің мемлекеттілігіміз пен тәуелсіздігіміздің тұғырының мызғымастығының кепілі, мемлекетіміздің саяси және экономикалық қуатының өсуі және оның халықаралық беделінің нығаюы, халықтың әл-ауқатының арту факторының кепілі ретіндегі ерекше маңызын мойындай отырып,
  • қазақстандық қоғамда жоғары моральдық-адамгершілік құндылықтарды орнықтыру, үйлесім, бейбітшілік пен келісімге қол жеткізуді орнықтыра түсу мақсатында діннің әлеуетін дінаралық және конфессиялардың бір-бірімен өзара ішкі диалогын тереңдете түсуге ниетті екендігін растай отырып,
  • өзіміздің өскелең ұрпақты тәрбиелеу, отбасы институтын сақтау, рухани және мәдени мұраларымызды қорғау мен сақтау бағытында қызмет атқарып отырған азаматтық қоғамның барлық институттары мен құрылымдарымен ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенімізді көрсете отырып,
  • экстремизм мен терроризмнің кез-келген түрі мен көріністерін қатаң айыптай отырып,
  • еліміздегі діни бірлестік өкілдерінің Жаратушы алдындағы рухани жауапкершілігін және Қазақстан халқының алдындағы  қоғамдағы бейбітшілік пен конфессияаралық келісімді қамтамасыз етудегі моральдық жауапкершілігін сезіне отырып,

 

барлық отандастарымызға үндеу тастаймыз:

▪ Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еліміз бен қоғамымыздың конституциялық негіздерін нығайтуға бағытталған саясатына әрқашанқолдау көрсетуге және көмектесуге,

 

▪ еліміздің тарихи-мәдени мұрасы мен этноконфессиялық әралуандылығын сақтау және оларды әрі қарай дамытуды қазақстандық қоғамның басты жетістіктерінің бірі ретінде қарастыруды,

▪ аталған мұраны дін бостандығын және конфессиялардың теңқұқықтығының зайырлы қағидатының дамуын қамтамасыз ету бағытында біздің елімізде іске асырылып отырған салиқалы саясаттың кепілі деп түсінуді,

▪ қоғамда діннің мейірімділікке, ізгілікке, өзара көмек көрсету мен төзімділікке негізделген рухани тұғырын шайқауға және оған көлеңке түсіруге ұмтылатын діни фанатизмді мүлдем  қабылдамау атмосферасын қалыптастыруға,

▪ ұлы халқымыздың тарихи дамуымен қалыптасқан үйлесімді өзарабайланысын бұзбауға жол бермеу мақсатында  қазақстандық қоғамдағы ауызбіршілік пен пен татулықты сақтауға және нығайта түсуге шақырамыз.

Біз, Жиналыс отырысына қатысушылар, Ұлт қөшбасшысы -  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін қабылдау бастамасына қолдау көрсетуге шақырамыз.

«Мәңгілік Ел» – бұл ұлт бірлігі, бейбітшілік пен келісім сақталған жоғары рухани мәдениеті бар зайырлы қоғам.

Осы тұрғыда Елбасымыз ұсынып отырған  жалпықазақстандық «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы бізге орасан зор жауапкершілік жүктейді.

Біз, мемлекетіміздің конституциялық негіздеріне, халқымыздың санғасырлық рухани құндылықтарына және Жаратушыдан берілген мәңгілік адамгершілік мұраттарға құрметпен қарау арқылы заманауи әлемдегі тұрақсыздықтардан туындап отырған бүгінгі ауыртпалықтар мен сындардан абыроймен өтуге болатынына сенімдіміз. Біз - Қазақстан халқы деген атауы бар біртұтас әлембіз.

Біз барша қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтай отырып, елімізге бейбітшілік, ашық аспан және өсіп-өркендеу тілейміз!

 

Астана қ.

Бейбітшілік және Келісім Сарайы

20 тамыз 2015 жыл

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 3074 рет
JoomShaper
Top