Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің II Съезінің ашылуында сөйлеген сөзі

Сенбі, 17.08.2013

12-13 қыркүйек 2006 ж.

Құрметті әлемдік және дәстүрлі дін басшылары, съезд қонақтары!

Тұңғыш рет әлемдік дін басшыларының басын қосып, алғашқы съезімізді өткізгенімізге үш жыл да өте шығыпты. Қайыр-шапағаты мол сол бір кездесудегі уағдаласуымыз бойынша біз бүгін Еуразия кіндігі саналатын Қазақстанның жас елордасы - Астанада тағы да жүздесіп отырмыз. Бар күш-жігерін әлемнің әр түкпіріндегі алуан түрлі халықтарды бейбітшілікке, қайырымдылыққа, татулыққа шақырып, дүниеге ізгілік нұрын таратып жүрген Сіздермен кездесіп отырғаныма бек қуаныштымын.

Естеріңізде болар, сол жолғы бас қосуда келесі кездесуімізді жаңа Бейбітшілік пен келісім сарайында өткізу туралы шешім қабылдаған едік. Мен Сіздерге берген сол уәдемді орындап, аты әлемге әйгілі архитектор Норман Фостердің жобасымен осы ғажайып Сарайды салдырып, қазақ жеріне «қош келдіңіздер» деймін.

Сарайымыздың төрт тағаны дүниенің төрт бұрышына бірдей айқара есік ашқан. Бұл ғимарат әлемнің әр тарабындағы барша ұлттар мен дін өкілдеріне дос құшағын ашқан тәуелсіз Қазақстанның символы іспеттес. Өйткені тәуелсіздік жылдары Қазақстанды мекендейтін 130-ға жуық ұлт пен 40-тан астам діни конфессиялар арасында татулық, өзара келісім берік орнықты. Соның арқасында біз дамудың қазақстандық моделін ойдағыдай жүзеге асырып, экономиканы реформалауда зор табыстарға қол жеткіздік.

Ядролық қарудан бас тартып, Қазақстанды бейбітшілік аймағына айналдырдық. Барлық көршілерімізбен тату қарым-қатынас орнатып, жаһандық қауіпсіздікті сақтауда өңірдің көшбасшысы атандық. Осының бәрі бізге бар ғұмырын әлемдегі алуан дінді ұстанған халықтарды тыныштық, бітімгершілік, татулық пен келісімге арнаған Сіздер сияқты дін басшыларын шақырып, келелі кездесу өткізуге мүмкіндік туғызып отыр.

* * *

Осындайлық өкілетті форум Астана аспанының астыңда осымен екінші рет жиналып отыр. Мен Сіздерді қүттықтаймын және біздің мәртебелі қонақтарға өзімнің ықыластылығым мен алғыс сезімімді білдіргім келеді. Біздің бірінші форумда салынатыны туралы мен айтқан Бейбітшілік жөне келісім сарайы бүгін алғаш рет сіздерге есігін айкара ашты.

Осында, Астанада, 2003 жылы болған Әлемдік жөне дәстүрлі діндердің бірінші съезі бүкіл әлемнің назарын аударды. Оған дейін конфессиялардың өкілеттігі жөнінен сондайлық әмбебап форум болған емес. Астанадағы сол жолғы кездесу діндердің жаһандықүнкатысуы, өңірлікте, сол секілді өлемдік те ауқымдағы түрлі форумдар, конференциялар үшін айтарлықтай серпін берді.

Бүгін біз Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің екінші съезін ашып отырмыз. Егер үш жыл бүрын біздің форумға 17 конфессиялық делегация қатысқан болса, бұл жолғы Съезге енді 29 делега­ция қатысуда. Бүл өзгеріс атап айтарлықтай және біздің форумның өсе түскен беделін бейнелейді.   Ол біздің өзара түсіністік, қазіргі дүние туындатып отырған күрделі сүрақтарға жауаптарды бірлесе іздеу жолымен келе жатқанымызды білдіреді.

Бірінші форумнан беріде өткен уақытта дінаралық үнқатысудың мәні тек кана өсе түсті. Өкінішке орай, осы жылдары әлемнің барлық дерлік континенттерінің аумағында болған көптеген қайғылы оқиғалар сандаған жанжалдарды бір ғана саяси немесе күш қолдану шараларымен шешу мүмкін еместігін тікелей де тиянақты түрде көрсетіп берді.

Бүл ғана емес, "Қүдайды іздеу" пердесін жамылып барша ұлы ұстаздар айыптайтын шын мәніндегі үрейлі әрекеттер жасалуда. Екінші жағынан, белгілі бір дінді агрессияшыл деп айыптаудың біржақты әдеті айқын әлпетке көшті.

Осынау өзара үзілді-кесілділік бәсендейтін емес. Дегенмен өркениетті адам - бүл кейде өз көзқарастарына күмән келтіріп, жағдайға басқа көзбен қарауға қабілетті адам. Мүның өзі кей кезде саясатшыларда жетісе бермейді. Бірақ та жаңағындай қасиеттер биік руханият адамдарын, оның үстіне бүтін осынау тамаша залда отырған адамдарды әрдайым даралап тұрады.

* * *

Біз кей-кейде бір ұлы діни кағидаттуралы, ой-ниетте, сөз бен әрекетте күштемеу кағидаты туралы ұмыта береміз. Бірақ та осынау бағзы қағидаттың астарында әбден осы заманғы нәрселер тұрады.

Адамның ой-ниеттерге, көңіл-күйге, аландаушылықтр мен күмәнданушылықтарға толы ішкі жан-дүниесі - бұл рухани жан-дүние, діни ізденістер жан-дүниесі. Күн күркірегендей жаңғырығы бар телевизия, интернет пен баспасөз - бүл сол баяғы сөз. Ал әрекет - осы ой-ниеттер мен сөздерді іс-қимылға айналдыратын саясатшылардың саласы. Діни доктрина деңгейінде, медиа құралдар деңгейінде және саяси іс-әрекет деңгейіңде күштеуден бас тарту ғана осы заманғы дүниеде аман қалудың нақты негіздері болып табылады.

Солай болса-дағы барлық үш деңгейде өсіп бара жатқан агрессияшылдық айқын байқалады.

Дін қайраткерлері бір діннің екіншісінен артықшылығы туралы шындап байсалды пікір білдіре бастаса, оңда жанжал әу бастан қалыпталғаны айқынболады. Бұқаралық ақпарат құралдары басқа діндегілердің касиетті сезімдерін қорлауды ұшындыра түссе, онда бұл журналистердің ерте ме, кеш пе өз нанымдарының қорлануымен бетпе-бет келетіні айқын болады. Саясатшылар этнодіни жанжалдарды шешудің күштеуәдісін қолдануға еш шімірікпестен бұйрық берсе, соғыс олардың өз үйлерінің табалдырығына келетіні айқын болады.

Бүл үштағанда агрессияшыл жақ болмауы тиіс. Бірақ та оның негізіндегі дін қайраткерлерінің ұстанымында агрессияшылдық жоқ болуы тиіс.

* * *

Жанжалдарға толы әлемдегі осы заманғы үнқатысу көп ретте саңыраудың мылқаумен үнқатысуын жиі еске салады. Мұнда үнқатысуға деген еш мұқтаждықжоқ, содан кейін тараптар тағы да өзінің даусыз дұрыстығына сеніп тарасады.

Меніңше, түрлі салаларда жүмыс істеп жаткан қағидаттар бүл салада да жұмыс істей алар еді. Мыналарды түсіністік кағидаттары деп атар едім.

Бұл әлі үнқатысу емес, бүл оны бастау үшін негіз. Бірақ та мұндай негіз болмаса, кез келген үнқатысу уақытты зая кетіруге айналады.

Біріншіден, алдын ала кесіп-пішусіздік, өзара қабылдаудың ғасырлар бойы қалыптасқан қасаңдықтарынан бас тарту. Келеңсіз касаңдықтардан бас тартпайынша, үнқатысуға кірісудің кажеттігі жоқ. Қазақстанның үзақ та касіретті тарихында каскөйлік пен қантөгістің мысалдары аз емес. Жиырмасыншы ғасырдың алғашқы отыз жылында қазақтардың үштен біріне жуығы қырып-жойылды, сүмдық қиын жағдайларда опат болды немесе шетелге эмиграцияға кетті. Мүның бөрі біздің есімізде, бірақ та мүны өшпенділік пен өштесудің тақырыбы жасаған емеспіз. Тарихи қасаңдықтардың қауіптілігі көп ретте мынада болады: олар тіпті өділ бола түра ізгілікке емес, жауыздыққа шақырады. Бүгінгі дүниеде жаңа түскен жаракаттар мен кұрбандыктар тым көп. Бірақ та мендегі саясатшы тәжірибесі бір нәрсе туралы өз қасандықтарыңнан өте алу қажеттігі туралы айтады.

Екіншіден, басқаның тылсым саласына баса-көктеп кіруден саналы түрде бастарту. Біреу үшін қасиетті нәрсе басқа біреу үшін әзіл немесе келемеж тақырыбы болмауы керек. Бүл қарапайым кағида, өкінішке орай, оны журналистер мен саясатшылар ғана емес, сонымен бірге басқа діндерге қатысты өз сөздеріне немқұрайды қарайтын дін қызметшілерінің өздері жиі бұзады.

Біз Қазақстанда 40-тан астам конфессияның өкілдері бейбіт қатар өмір сүруде деп жиі қайталаймыз. Және бүл жай айтылған сөз емес - соңғы 15 жылда сіздер бір де бір қазақстандық газеттен немесе телеарнадан белгілі бір дінді ұстанушылардың сезімдерін қорлауды көре алмайсыз. Бүған ел Конституциясы тыйым салады. Бүл ретте осы жылдары ешкімді жазалауға тура келген жоқ. Жауабы мен түсініктемесі қарапайым ғана - қоғамда тұтастай алғаңда барлық діндарларға төзімділік пен түсіністік ахуалы қалыптасты.

Үшіншіден, әлемдік және дәстүрлі діндердің жаңа, қалыпты емес қатерлерге бірлескен жауабы. Егер саясат әлеміңде мүндай қалыпты емес қатерлер лаңкестікпен, жаппай қырып-жою қаруының таралуымен, трансшекаралық қылмыспен байланысты болса, рухани дүниеде бүдан әддеқайда іргелі қатер туындауда. Бұл мыңжылдық рухани дәстүрлерден қолүзушілік. Бұл құбылыс сенім-нанымға карамастан, барлық континенттерде болып жатыр. Бұл жиырмасыншы ғасырдың байырғы бейбіт секуляризмі немесе карабайыр атеизмі емес. Бұл әлемдік діндердің дәстүрлерімен байланысты руханият тұрпатын түбегейлі жоққа шығарушылық. Осы заманғы діни институттардың негізін бұзыптастауы мүмкін бұл қатерді түсінбеушілік даудың әлдекашан жоғалтқан өзектілігін туындатады. Осы заманғы әлемдегі рухани ахуал өте өзгермелі және қалай дегенде де қоғамның бір бөлігі болып табылатын діни институттар жаңа тәуекелдерді және өз болмыстарының ең негіздеріне төнетін қатерлерді ескеруге мөжбүр.

Бұл кағидаттар өзіндік бір түсіністік өзегін құрай алар еді.

* * *

Адам қызметінің кез келген саласында кейбір ең ортақ қағидат бар. Өзінің формасы жағынан саяси үнқатысуға жақын, бірақ та мазмұны бойынша шексіз терең діни үнқатысу саласында мынадай айқындама сондай кағидат бола алар еді: "Үнқатысу үшін негізді кұдіреттіктегі пенделік арқылы емес, пендедегі құдіреттік арқылы іздеу". Бұл қағидаттың бүкіл абстрактылығына қарамастан, ол өте маңызды.

Шын мәнінде көптеген діни доктриналардың сыйыспаушылығы құдіреттіктен емес, пенделіктен туындаған. Бүкіл әлемдік діндердің Құдайдың жалғыз екендігін мойындауы мұны айқын көрсетіп отыр.

Басқа да себеп бар. Барлық ұлы діндер елеулі рухани өзгеру, Құдай алдында адамның өзінің кішкентай "менін" ұмытуы туралы айтуда.

Ақырында, барлық ұлы рухани ұстаздар өркөкіректіктің, бәрін де білемін деген өркөкіректіктің айрықша қауіптілігі туралы айтқан. Құдай сөзін адамдарға бәрінен де жақсы жеткіземін деп кім айта алсын? Меніңше, мүның өзі нақ сол күнә болып шығады.

Практикалық тұрғыда бұл қағидаттың ерекше рөлі мынада, өз дінінің басты құндылықтарын бұзбастан,қалай болғанда да дүниеге басқа рухани перспективаларды ескере отырып қарау керек. Саясатшылар өздерінің іс-қимылдарында кейбір терең діни постулаттардың, оларды түсінгендеріне немесе түсінбегендеріне қарамастан, жетегінде кететініне әбден сенімдімін. Сондықтан әлемнің діни лидерлерінің басқа діни жүйелерден пенделікті емес, қүдіреттікті іздеу қағидатын ұстануға әзірлігі әлемдегі әлдекайда ізгі саяси іс-қимылдардың негізі бола алады.

* * *

Діни төзімсіздіктің өсуі бір жағынан жаһанданудың нәтижесі. Түрлі мәдениеттер мен діндердің орасан мол болмыстары тікелей қатынасқа түсті. Бәрі көші-қон, телевизия, мәдени модельдер арқылы араласып кетті. Жаһандану жаһандық экономикалық әділетсіздікке көзімізді ашты. Миллиардтаған азып-тозған адамдар осы заманғы әлемде қалай өмір сүруге болатынын көрді және олар ешқашан солай өмір сүрмейтінін түсінді.

Осындай жағдайда өзіндік бір "рухани қашу" жүріп жатыр. Бірақ та бұл "Қүдайға қашу емес", "нақтылықган қашу" еді. Бәрі де, дін Қүдайды іздеу емес, өзіңнің осы заманғы өлемге, оның әділетсіздігіне деген жеккөрушілігінді ақтаудың айқындамасын іздеуге айналғанда, жаңа мәдени талдырумен аяқталуы кәміл. Уақыт шынында да кері кетуі мүмкін. Бір ғана саяси акциялармен осынау жаһандық мәдени тығырықтан шыға алмайсың. Мұнда рухани ұстаздардың рөлі шешуші болады.

Халықты саяси жүмылдыру үшін дінді пайдалану - бүл тарихта сан рет қайталанған қадам. Әрдайым қасіретпен аяқтгалған кадам. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің айрықша жауапкершілігі мынада, діни уағыздар саяси жанжалдарға бастамасын, оларды мемлекеттік құрылымдар мен астыртын ұйымдар өздерінің құдірет ісінен алыс міндеттерін шешу үшін пайдаланбасын.

Кез келген шынайы мәдениеттің негізінде Қүдайға табыну жатыр. Нанымға негізделген мәдениеттер мыңдаған жылдар бойы тарихтағы өзінің жанды сөзін сақгаған. Кейбір түрғьща өзіңнің діни рухыңды сақтау тарихта түтас халықтарды сақгаудың кепілі болады. Әлбетте, дүние ешкашан бір өркениетті жобаның негізінде қүрылмайды. Біздер, саясатшылар үшін тарихтың, соның ішінде осы заман тарихының бүл түйінді элементін түсіну өте маңызды. Дүние жаңа ғасырдың алты жылындағы ауыр күйзелістерден кейін, жаһандық лаңкестіктен кейін, көз аддымызда өсіп бара жатқан ядролық қарудың таралу қатерінен кейін, аса ауыр адам кұрбандыктарынан кейін жай ғана бір фактіні түсінуге жеткен сиякты. Атап айтқанда - дүниенің мәдени және діни саналуандылығы бұл нақтылық, оны адамзат баласының болмысы ретінде түсініп, қабылдау керек.

Саясатшылардың кез келген басқа көзқарасы дүниеде жарылыс туғызуы мүмкін.

Бір мәдени дәстүрдің өз құндылықтарын баска мөдениеттерге таңу ниеті, басқаның сызғыштары бойынша қоғамдық қатынастарды құру әрекеті ешқашан өзара түсіністікке жеткізбейді. Керісінше, мұндай қатал мәдени жаулаушылық одан кем емес қатал қарсылықты туғызады. Басқа халықтардың тарихи дәстүрлеріне деген кұрмет қана, өркениеттердің, діндер мен халықтардың қатынасындағы әділдік пен шынайылық қана келісім мен имандылық әлемін кұруға қабілетті.

* * *

Адам деген өзінің шешілмеген мәселелерін көк жүзіне апарып тіреп қоюға бейім түрады. Сонымен бірге қоғамның да тұтастай алғанда кәдуілгі жайлардың өзіне діни сипат беретін кездері көп. Діндер арасындағы жанжалдармен қарама-қайшылықтар делініп жүргендердің көбі мемлекет арасындағы, экономикалық топтар арасындағы, нақты саясаткерлер арасындағы жанжалдар болып келеді. Дін - адамның ішкі жан-дүниесіндегі тылсым сөз, ал оны адамдар арасындағы қоғамдық келісім деп атап жатады.

Дінаралық үнқатысуға қол жеткізу үшін бүгінгі күннің мөселелерінен бойды аулақ салуға болмайды. Егер бұрын әңгіме діндердің тарихтың үзына бойында кейде келісіп, кейде кетісіп жүруі жөнінде қозғалса, қазіргі әңгіме діни және зайырлы әлемдердің жаһандық үнқатысуы жөнінде қозғалып

Осы заманғы қоғам ұзақ эволюциялық даму барысында аса байыпты үш қағидатты қалыптастырды. Олар - жеке тұлғаның ішкі бостандығы, меншіктің қорғалуы, қоғам мен мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау. Алайда бүл кағидаттарды мойындамайтын саяси идеологиялар да бар. Бүгінгі дөуірдің көптеген геосаяси қиян-кескі шайқастары осы қарама-қайшылыққа шырматыла байланған. Мәселе діндердің жанжалында емес, дінге қатысы жоқ құндылықтардың жанжалы жөнінде болып отырғанын мойындайтын уақыт жетті.

Қазақстан өзінің нактылы саясатында адамның ішкі бостандығы ғана конфессияаралық төзімділіктің шарты екенін басшылыққа алады. Тап сондықтан да, тарихи тұрғыдан исламның мәдени материгінің бір бөлігі бола тұра, біз Казақстандағы барлық әлемдік және дәстүрлі діндердің өркен жаюына кедергі келтірмейміз.

Мемлекет, ұлт немесе дін бөгде мәдени кеңістікті басып алу, жаулап алу тұрғысынан қарастырар болса, онда әманда өзінің өмір сүру ортасын аздырып-тоздырмай қоймайды. Қазактарда бағзы замандардан бері әр өңірдің өзінің әулиесі, өзінің рух берер күштері, өзінің сыйынар аруақтары болған. Адамның, діннің, жердің мұндайлық терең өзара кірігуі - жүздеген жылдар бойы менің халқымның жанын сақтап қалған кұтқарушы сүзгі сынды. Казақтар кең болғанның кем болмайтынын кітаптан оқып емес, өмірден тоқып білген.

Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері Қазақстанда діни қарым-қатынастар саласында сарабдал мемлекеттік саясат жүргізіліп келеді. Бұл саясат мынандай негізгі қағидаттарға арка сүйейді. Мен оларды келісім қағидаттары деп атаған болар едім.

Біріншіден, бұл ар-ождан және діни сенім бостандығын зандық және институттық тұрғыдан қамтамасыз ету.

Конституция деңгейінде конфессиялық және баска да әлеуметтік белгілері бойынша кемсітудің кез келген түріне тыйым салынады. "Қазақстан Республикасындағы ар-ождан және діни сенім бостандығы туралы" Заң діни бірлестіктердің емін-еркін қызмет етуі үшін барлық қүқыктық негіздерді қалыптастырып берді. Еліміз адам күқын қорғау саласында қырықган астам халықаралық келісімдер мен шарттарға қосылды, олардың арасында БҮҮ-ның осы саладағы іргелі пактілері де бар.

Екіншіден, біз мемлекеттің конфессиялардың өз кызметтерін жүзеге асыру үшін тең жене қолайлы жағдай жасау жөніндегі міндеттілігін басшылыққа аламыз. Дін саласын ырықтандыру діни мекемелердің санын күрт өсірді - олардың саны тәуелсіздік жылдарында бес есе артты.

Қазақстан халкының басым көпшілігі өздерін мұсылман санайды. Сонымен бірге исламның Казақстанда басымдыкка ие болуы баска діндерді ұстанушылардың өздерінің әдет-ғұрыптарын толыққанды атқаруына тіпті де кедергі келтірмейтінін қадап айтамын.

Мұсылмандықтан өзге конфессиялардың діни мекемелерінің санының өсуі назар аудартады. Тәуелсіздік жылдарында православие дін орындарының саны төрт есе, католик шіркеулерінің саны екі есе өсті. Протестанттар бірлестіктерінің мыңнан астам миссиялары мен мінәжат үйлері жүмыс істейді, едде сондай-ақ 21 иудей қауымдастығы бар, көптеген ғасырлардың ішінде алғаш рет будда храмы тұрғызылды.

Үшіншіден, Қазақстандағы конфессияаралық үнқатысуды ынталандырып отыру біздің жүмысымыздағы маңызды бағыт болып табылады.

Біз ұлтаралық және дінаралық үнқатысудың Қазақстан халықтарының Ассамблеясы сынды бірегей институтын құрдық.

Бүған қоса биылғы жылдан бастап біз өз тарихымызда алғаш рет дінге сенушілер ғибадаттық іс шараларын толыққанды күйде атқара алатындай болуы үшін аса маңызды діни мерекелерді демалыс күндері деп жариялағанымызды да айтқым келеді

Ұлтаралық және дінаралық келісімнің бізде қалыптасқан үлгісі - Казақстанның әртүрлі конфессиялардың өзара іс-әрекет етуінің жалпыәлемдік үрдісіне қосқан үлесі. Бізді халыкаралық ауқымда дәл осылай танығанын қалаймыз.

"Қүдайды іздеймін деп каңғырып қалғандардың торына түспес үшін ерекше сақтық және біршама салауатты консерватизм керек. Саясаткер ретінде маған дәстүр мен жаңаны іздеушіліктің арасындағы үйлесімділіктің қажеттігі басы ашық нәрсе. Алайда әлемдік және дәстүрлі діндердің рөлі рухани мүраны сақтау тұрғысында ғана аса ауқымды емес. Бүл арада ғасырлар бойы жинақталған рухани тәжірибе де бар адамның ақыл-ойына сыймайтындай кейбір эксперименттерден сақтап қалар жалғыз күш те сол Біз қазірдің өзіңде кұдай іздеушіліктің оғаш, шектен шыққан түрлерінің, сондай-ақ гендік технологии саласында дәстүрлі этика аумағынан асып кететін тәжірибелердің жаппай шабуылға шыққан шағын бастан кешіріп жатырмыз. Сондықтан да жаһаңдық өлшеммен қарағанда әлемдік және дәстүрлі діндердің рөлі көкейкесті бола түсіп кана қоймай, олар адамның шынайы рухани қазынаны сақтап калуының түйінді факторына да айналып келеді.

* * *

Мен біздің форум қабылдайтын құжаттардың мазмұнынан хабардармын. Сіздердің назарларыңызға қосымша бірнеше идеяларды үсынғым келеді, олар алдын ала сипатка ие және кейінірек бүгінгі кездесу шеңберінің сыртында талқылауға болатын идеялар.

Дін сөзінің бүгінгі әлемдегі маңызы арта түскенін ескере отырып, біз Қазақстанда 200' жылдан бастап елдің басты телевизиялық арналарының бірінде тұрақты түрде "дін сағатын' жүргізе бастаймыз. Бүл арқылы дін көшбасшыларына миллиондаған адамдарға кайырымдылық пен діш төзімділік мінәжатын тікелей арнауға мүмкіндіі беріледі. Осы залда отырған адамдардың және оларды қолдайтын діни институттардың аса биік беделін білгендіктен де, мен сіздерді өз елдеріңіздің үкіметтеріне осы үлгіні қолдау және Жер шарының барлық материктері мен құрлықтарында осыған ұқсас ғимараттар тұрғызу жөнінде үсыныс жасауға шақырар едім.

Бейбітшілік пен келісім сарайын салдырта отырып, мен осынау қабырғалар қандай аскақ ойлы рух пірәдарларының сөзімен жаңғырығар екен деп арман еткен едім. Менің арманым орындалды. Алайда, жалғасын таппаған арман алысқа апармайды. Мен әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерін жылына бір рет қазақстандықтар алдында осы Сарайда құрметті дәріс оку үшін ресми түрде шақырғым келеді. Егер исламның, христиандықтың, буддизмнің, иңдуизмнің, даосизмнің, иудаизмнің, конфуцийшілдіктің немесе синтоизмнің әлемдік лидерлері жыл сайын менің отандастарыма бейбітшілік пен келісім сөзін жеткізіп тұрар болса, мүның өзі Еуразияның аса бір жарқын рухани құбылысына айналар еді.

Бүкіл әлем астаналарының басты сәулеткерлік сәні қай кезде де соборлар, мешіттер, шіркеулер, храмдар, пагодалар болып келген. Бізде де солай. Алайда, жаңа мыңжылдықта дінаралық түсіністік сөз күйінде ғана қалмауға тиіс. Ол материалдық, архитектуралық пішінде өз көрінісін табуы керек. Біздің ойымызша, адам жанындағы және адамдардың жанының арасындағы бейбітшілік пен келісімнен маңызды рәміз болмақ емес. Жаңа ғасырдың басында Астана осындай архитектуралық рәміздің үлгісін көрсетіп отыр, сондықтан да біз, ерте ме, кеш пе, бүгін Қазақстанда діни лидерлері бас қосқан елдердің астаналарында өздерінің Бейбітшілік және келісім сарайлары салынады деп үміт етеміз.

Дінаралық қарама-қайшылықтардың, сондай-ақ дінаралық үнқатысудың жаһандық сипаты Біріккен Ұлттар Ұйымы таяудағы жылдардың бірін діни және мәдени толеранттылық жылы етіп жариялайды деп айтуға мүмкіңдік береді. Бұл бастама осы заманғы әлемнің көптеген елдерінің атынан айтыла алады деп ойлаймын.

Сөзімді қазақтың данышпан ойшылы Абайдың мына ойымен түйіндегім келеді:

"Адам баласына адам баласының бәрі - дос. Не үшін десең, дүниеде жүргенде туысың, өсуің, тоюың, ашығуың, қайғың, қазаң, дене бітімің, шықкан жерің, бармақжерің - бәрі бірдей, ахиретке қарай өлуің, көрге кіруің, шіруің, көрден махшарда сұралуың - бәрі бірдей, екі дүниенің қайғысына, пәлесіне хаупің, екі дүниенің жақсылығына рахатың - бәрі бірдей екен. Бес күндік өмірің бар ма, жоқ па?.. Біріңе-бірің қонақ екенсің, өзің дүниеге де қонақ екенсің, біреудің білгендігіне білместігін таластырып, біреудің бағына, малына күндестік қылып, я көрсеқызарлық қылып, көз алартыспақ лайық па?".

Бүл сөздер осы форумға қатысушылардың бәрінің де көкейінен шығады деп ойлаймын.

Құрметті қонақтар!

Біз бүгін, адамзат баласына Жаратқан иеміз тарту еткен бірегей құндылықтар - өзара түсіністік, бейбіт өмір, берекелі тұрмыс пен ортақ мәмлеге қарай тағы бір ұлы қадам жасадық.

Біз баршамызға аян мына бір шындықты ешқашан естен шығармауымыз керек: Жаратушы - жалғыз, дүние - ортақ, аспан асты - кең, ендеше, біз бір атаның баласы, бір ананың перзенті ретінде бір-бірімізбен береке-бірлік пен ынтымақта өмір сүруіміз керек.

Байқап қарасаңыздар, соңғы уақытта дүниенің түкпір-түкпірінде жаһандық жаңа қатерлер бой көтерді. Сондықтан да түрлі діндердің ғасырлар бойы жинаған мол жасампаздық тәжірибесін пайдаланып, Құдай сөзін бітімгершілік пен келісімнің пәрменді құралы ретінде пайдалануымыз керек.

Осындай ізгі мақсат жолындағы Сіздерге Жаратушымыздың рахманы мен рахымын тілеймін.

Назарларыңызға рахмет!

 

 

 

 

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 1714 рет
JoomShaper
Top