Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің І Съезіне қатысушылар

Сенбі, 17.08.2013

Съезд жұмысына ислам, христианство, буддизм, иудаизм, даосизм, синтоизм және индуизмді білдіретін 17 делегация қатысты.

Ислам делегациясын жоғары дін басы қызметкерлері бастап білдірді: Дүниежүзілік Ислам Лигасының бас хатшысы шейх Абдалла бен Абдель Мухсин Ат-Турки (Сауд Арабиясы), «Аль-Азхар» Университетінің жоғарғы имамы, шейх Мухаммад Саид Аль-Тантауи (Египет), «Джамаат-у-Шабаб-е-Ислам» үндістан мұсылман ұйымының президенті Салман Аль-Хусайни Аль-Надви, Иран Ислам Республикасының ислам заңы және құқық комитетінің төрағасы Мехди Могаддам, Пәкістан Ислам Республикасының Халықаралық ислам университетінің вице-президенті Махмуд Ахмад Гази,  Қазақстан мұсылмандары рухани басқармасының төрағасы, бас мүфтий Әбсаттар Дербісәлі. 

Христиандықты форумда делегация басшылары білдірді: Евангелий уағыздауға арналған конгрегация президенті, кардинал Йозеф Томко (Ватикан), Кройдон епископы (Лондон) Николас Бэйнс (Англикан шіркеуі), Астана және Алматы митрополиті Мефодий (Орыс православие шіркеуі), Франция митрополит Эммануэль (Константинополь православие шіркеуі), Дүниежүзілік лютеран федерациясының бас хатшысы Ишмаэл Ноко.

Буддизмнен делегацияны мыналар басқарды: Қытайдың буддизм қоғамының төраға орынбасары Цзямуян Лосанцзюмэй Туданьцюэцзинима, Азия бейбітшілік үшін буддистік конференцияның бас хатшысы Тумээхуу Булган (Моңғолия).

Иудаизм делегациясын Израильдің бас раввині Йона Мецгер, синтоизмді - Жапонияның Синтоистік шіркеулер басқармасының директоры Минору Сонода, индуизмді - ғалым-теолог Шантилал Сомайя басқарды.

Құрметті қонақтар ретінде форум жұмысына әйгілі саясаткерлер қатысты: Сауд Арабиясының әділет министрі А.Аль Аш-Шейх (Фахда королінің арнайы өкілі), Египет АрабРеспубликасының Вакуфтар ісі бойынша министр М.Закзук (президент Х.Мубарактің арнайы өкілі), Жапонияның экс-премьер-министрі Ц.Хата, БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі В.Сотиров.

Дайындық кезеңінде І Съезд Декларациясы мен Шешімінің жобасын қарастыру мақсатында мынадай сарапшылар шақырылды: Абдалла Абу Аши Аль-Малики - Дүниежүзілік Ислам Лигасының зертеулер, үйлестіру және халықаралық қатынастар басқармасының кеңесшісі; доктор Саид Исмаил Сыни - Дүниежүзілік Ислам Лигасының зертеулер, үйлестіру және халықаралық қатынастар басқармасының кеңесшісі;доктор Гулам Мохаммад Джаффар - Белуджистан өңірінің «Исламиат» университетінің факультет деканы, Мухаммад Сухейль Умар (Пәкістан); Акашех Халед (Ватикан); Силантьев Роман Анатольевич - Ресейдің Дңнаралық кеңесінің атқарушы хатшысы; Чжан Вэй - ҚХР елшілігінің екінші хатшысы; доктор Вемпати Кутамба Састри - «Раштия Санскрит Сантхан» (Үндістан) оқу орталығының директоры.

 

 

 

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 1241 рет
JoomShaper
Top