Жаңалықтар

Дін істері агенттігі Төрағасының орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 22 қаңтардағы № 18 Қаулысымен Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Төрағасының орынбасары болып Абдақасов Ерлан Сатыбайұлы тағайындалды.

Е.С. Абдақасов жоғары білімді, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды  мемлекеттік университетін (2003 ж.), Карағанды қаласының «Болашақ» өзекті білім институтын бітірген (2007 ж.). Заңтану магистрі, қаржы бакалавры.

Еңбек қызметін 2003 жылы Қарағанды облысы әкім аппаратының жетекші маманы лауазымынан бастаған.

2006 — 2007 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Діни істер комитетінің бас маманы, бөлім бастығы.

2007 жылдан 2014 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының сарапшысы, бас сарапшысы, кеңесшісі, сектор меңгерушісі.

e-islam.kz

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close