Басты тақырыпЖаңалықтар

Дархан Кәлетаев жастардың ҮЕҰ-ларын дамытудың жолдарын ұсынды

Қазақстандағы жастардың үкіметтік емес ұйымдарының жұмысын күшейту керек. Бұл туралы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің биылғы бірнші кеңейтілген отырысында айтты.

«Еліміздегі жастар саясатына Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жауапты екенін білесіздер. Қазіргі уақытта дамытуымыз керек біршама басымдықтарды көріп отырмыз. Менің ойымша, біз мемлекеттік жастар саясатының бағытын екі бөліп нақты айқындап алуымыз керек. Біріншіден, әлеуметтік саясат. Бұл ретте нақты болжамдар мен аспектілер бар. Ең біріншіден, білім алу, еңбекпен қамту, отбасы құру және тұрғын үймен қамтамасыз ету. Қарапайым да түсінікті дүниелер. Мемлекет атқара алатын жұмыстар.

Осы үшін бірқатар мемлекеттік бағдарламалар бар», — деді министр. Дархан Кәлетаев Үкімет те осы бағытта жұмыс жүргізіп жатқанын, Президенттің бес әлеуметтік бастамасы және оның негізінде тұрғын үй саласындағы мәселелер «7-20-25» бағдарламасында қамтылғанын атап өтті.  «Жастар саясатындағы екінші бағыт — үкіметтік емес жастар ұйымы. Қазіргі таңда біздің Жастар саясат департаментіндегі мәлімет бойынша Қазақстанда 500-ге жуық жастар ҮЕҰ-сы бар. 800-ден астам жастар ісі жөніндегі комитет жұмыс істеп тұр. Жалпы, меніңше бұл үлкен күш. Жағдай қуантарлық бағытта. Барлық облыстарда жастар ісі жөнінде облыстық басқармалар, 200-ден астам жастар ресурстық орталықтары бар. Бұл — біз қолдануға тиіс үлкен ұйымдастырылған құрылым», — деді ол.

Сондай-ақ министр жастар саясатына қарқын берудің тетіктерін ұсынды. «Жастар ҮЕҰ туралы айтар болсам, әлбетте оларды дамыту қажеттілігі бар. Менің түсінуімше, оларды құру қажеттігі туындап отырған жоқ. Бұл ретте «шатырлы» құрылымдарды, атап айтқанда Қазақстан жастар конгресін, Студенттер альянсын және ҚХА Жастар ұйымын құру өзінің пайдасын тигізе алады. Міне, осындай күштер арқылы жастар ҮЕҰ-ларын күшейте аламыз», — деді ол.

Show More

Басқа жаңалықтар

Close