Жаңалықтар

Безбүйрек балалар бұдан былай заң алдында жауап беруі мүмкін

 Аталған бастама еліміздегі ардагерлер үйі санының азаюына негіз болмақ. Астана қаласындағы қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінің тыныс-тіршігімен танысқан уәкіл оларды мазалайтын бірқатар сауалдарға жауап берді. Бүгінде аталған мекемеде 316 қарт пен мүгедек жандар тұрады. Оның әрқайсысын асырауға ел қазынасынан жылына 1 млн. 300 мың теңге бөлінеді. Бұған қоса, барлығы зейнетақы және әлеуметтік төлемдермен қамтылады. Ал ата-анасынан бас тартқандар арасында арланбай олардың зейнетақысын алып жүргендер де бар.

Балаларының ата-анасынан бас тартуы қоғамда ұят саналса, ислам діні тұрғысынанда қатты сынға алынатын жат құбылыс, ауыр қылмыс. Деседе, бұл проблема қарқыны елімізде азаймай тұр. Аталмыш мекемелерде  медициналық және әлеуметтік қызмет тиісті деңгейде көрсетілсе де, қарттардың туған үйін, бала-шағасын аңсайтыны анық. Дегенмен, мұндай орындардың санының артуына жол бермеуіміз керек.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close