Жаңалықтар

Бес жылдан соң Газа аймағы өмір сүруге жарамсыз өңірге айналады

UNCTAD хабарлағандай, Газа секторы бүгінде дағдарыстың шегіне жеткен. Мұндағы жұрт  ауыз су мен электр қуатының жетіспеушілігін қатты сезінуде. 2014 жылдың шілде-тамыз айларында болған әскери қақтығыс бұл аймақтың тұрмыс-тіршілігін ойран етті.

UNCTAD ұйымының мәліметінше, Газаның 1,8 млн тұрғыны ауыз суға тоған суын қолданып отыр. Алайда ол жердің сулары 95 пайызға жарамсыз.

Газадағы әскери қақтығыс салдарынан 500 мыңға жуық адам елін тастап кетуге мәжбүр болды. 20 мыңға жуық тұрғын үй, 148 мектеп пен 15 емхана Израиль әскерінің нысанасына айналды. Сондай-ақ, өңірдегі жалғыз электр стансасы да әскери шабуылдан айтарлықтай зардап шеккен.  

 

 

 

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close