Нұрсұлтан Назарбаев: Террорлық ұйымдарды бақылайтын бірыңғай желі құру қажет

Сенбі, 02.04.2016
Нұрсұлтан Назарбаев: Террорлық ұйымдарды бақылайтын бірыңғай желі құру қажет

Астана. 2 сәуір. E-ISLAM – Елбасы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит аясында қазақстандық БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді, деп жазады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы брифинг барысында терроризмге қарсы іс-қимылдың және ядролық зарядтың экстремистер қолына түсуіне жол бермеудің маңыздылығын айтты.

– Бұл үшін бүкіл халықаралық қоғамдастықтың бірлескен нақты жұмысы қажет. Мен террорлық ұйымдарға қатысы бар әркімді бақылауға алуға болатын бірыңғай әлемдік желі құру қажет деп санаймын. Бүгінде бүкіл әлем бойынша планетаны тұтасымен әлденеше рет жоюға жеткілікті өте көп ядролық қару бар. Сондықтан қарусыздану мәселесі біздің және ұрпағымыздың болашағын айқындайды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті жыл сайын саммиттің арқасында 50-ден астам мемлекеттің басшылары мен өкілдері ядролық қауіпсіздіктің мейлінше өзекті мәселелерін шешу үшін бас қосатынын да айтып өтті.

– Мұндай келіссөздер қорытындысы бойынша БҰҰ аясында шешімдер қабылданады. Әрбір мемлекеттің бұл бағытта қабылданып жатқан шаралар жөнінде айтуға мүмкіндігі бар. Мәселен,  атом энергиясымен жұмыс істейтін нысандар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ядролық материалдардың терроршылар қолына түсуіне жол бермеу шаралары жөнінде айта алады. Біздің ел полигонды жауып, аса ірі ядролық арсеналдан бас тартқанын ескерсек, осындай келесі кездесу Қазақстанда өтуі мүмкін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 631 рет
JoomShaper
Top