Дархан Кәлетаев Қазақстанның Бас мүфтиімен кездесті

Дүйсенбі, 09.04.2018
Дархан Кәлетаев Қазақстанның Бас мүфтиімен кездесті

Астана. 9 сәуір. KAZISLAM – Бүгін ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Оразбен кездесті.

Кездесу барысында Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланып, дінаралық келісімді нығайту және азаматтардың ар-ождан құқықтарын жүзеге асыру мәселелері қаралды.

Дархан Кәлетаев имамдардың, дінтанушылардың және сарапшылардың қатысуымен ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жетілдіру бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, министр дін саласындағы ғалымдар мен шығыстанушылардың тарихи мұраны және дәстүрлі исламның ұлттық мәдениетпен байланысын зерттеуге арналған арнайы жұмыс тобының қызметіне және мемлекеттік дамудың зайырлы принциптеріне негізделген идеологияны қалыптастырудағы ислам дінінің жағымды рөлін қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға қолдау білдіретінін жеткізді.

Ал, бас мүфти Серікбай қажы Ораз өз кезегінде Дархан Кәлетаевты министр қызметіне тағайындалуымен құттықтап, алдағы жұмысына табыс тіледі.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда тығыз ынтымақтастыққа дайын екендіктерін айтты.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 70 рет
JoomShaper
Top