Діни бірлестік өкілдері Елбасы Жолдауын талқылады (ФОТО)

Сәрсенбі, 31.01.2018
Діни бірлестік өкілдері Елбасы Жолдауын талқылады (ФОТО)

Астана. 31 қаңтар. KAZISLAM – Кеше Бейбітшілік және келісім сарайында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына қатысты Қазақстанның діни бірлестіктер өкілдерінің жиыны өтті.

Іс-шараға Дін істері комитетінің төрағасы Е.А.Оңғарбаев, Мәдениеттер мен діндердің халақаралық орталығының директоры А.Абуов, сондай-ақ діни бірлестіктердің, атап айтқанда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының, Қазақстандағы православ шіркеуінің, Қазақстандағы Рим-Католик шіркеуінің, Евангельдік-лютеран шіркеуінің басшылары мен өкілдері қатысты.

Жиын барысында Мемлекет басшысының «төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі мақсаттары мен міндеттері талқыланды.

Шара барысында сөз сөйлеген Еркін Оңғарбаев  азаматтардың әлеуметтік жағдайы, саяси көзқарасы, этикалық және діни көзқарасына қарамастан қоғамдағы келісімнің сақталуы мен тұрақтылықтың нығаюы ең маңызды принцип болып қала беретінін, және  барша ел азаматтары үшін ортақ платформаға айналуы тиіс екендігін атап өтті.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 176 рет
JoomShaper
Top