Назарбаев: Қазақстандықтардың діни ағымға қарсы иммунитеті әлсіз

Жұма, 05.01.2018
Назарбаев: Қазақстандықтардың діни ағымға қарсы иммунитеті әлсіз

Астана. 5 қаңтар. KAZISLAM – Қазақстандық қоғамның әзірше діни теріс ағымдарға қарсы иммунитеті әлсіз. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіздік және дәуір» атты кітабында осындай пікір білдірді.

Тарихи публицистика жанрында жазылған кітаптан алынған үзінді Назарбаевтың ресми сайтында жарияланған.

«Біздің өміріміз үшін дәстүрлі емес діни және дін атын жамылған ағымдарға жастардың соқыр еріп кетуіне көз жұмып қарай алмаймыз. Себеп – біздің қоғамның  діни теріс ағымға қарсы иммунитетінің әлсіздігінде. Адамның ішкі сүзгісі мынадай сұрақ қоюы керек: біздің аналарымыз, әпкелеріміз, қыздарымыз өзге халықтың киім үлгілерін киюі қажет пе? Бізбен бір дастарқанда ас ішпеуі керек пе? Автокөлік жүргізбеуі керек пе? Мұның бәрі өзге халықтардың дәстүрі. Бірақ, бұл дәстүрлер біздің далада болған емес. Бізге зиян тигізетін діни ағымдар бар. Біз ондай ағымдардан барынша аулақ болуымыз керек және шынайы руханиятты насихаттайтын дінді алу керек. Құрандағы қасиетті өсиеттерді орындау үшін дін дамуы мен өркендеуі мұқтаждарға көмектесу, бауырмалдық, үлкенге құрмет, балаларға тәрбие беру, Отанды және халықты қорғау, бірлікке шақыру істерімен атқарылуы тиіс» делінген Президент кітабында.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 226 рет
JoomShaper
Top