Елбасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н. Ермекбаевты қабылдады

Дүйсенбі, 06.11.2017
Елбасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н. Ермекбаевты қабылдады

Президент Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

Кездесу барысында Мемлекет басшысына азаматтық қоғамдағы қазіргі жағдай мен дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет ұсынылды.

Елбасы министрліктің жаһандық және өңірлік бүгінгі сын-қатерлер аясында атқарып отырған жұмыстарының өзектілігін ерекше атап өтті.

– Министрлік құрылғалы біршама уақыт өтті. Қазіргі жағдайда министрліктеріңіздің жұмысы еліміз үшін аса маңызды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Қазақстан Президентіне діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, сондай-ақ волонтерлермен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі жұмыстардың нәтижелері туралы баяндады.

Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

www.akorda.kz

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 275 рет
JoomShaper
Top