Елбасы ислам әлемінде бейбітшілікті сақтауға шақырды (ФОТО)

Дүйсенбі, 11.09.2017
Елбасы ислам әлемінде бейбітшілікті сақтауға шақырды (ФОТО)

Астана. 11 қыркүйек. KAZISLAM – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Тәселсіздік» сарайында өткен Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитінің пленарлық отырысында Таяу Шығыс пен ислам әлемі елдерінде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға шақырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Елбасы өз сөзінде еліміздегі көпконфессиялы қоғамдағы дінаралық бірлік туралы айтып өтті. «Біз көпұлтты және көпконфессиялы қоғамда дінаралық келісімді сақтаудың қазақстандық тәжірибесін бөлісуге әзірміз. Сондай-ақ, бәріңізді 2018 жылы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының алтыншы съезіне шақырамын» деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Таяу Шығыста және ислам әлемі елдерінде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға шақырды. «Сөз соңында, ұрпақтарымыз ислам әлемінің бірлігіне, ынтымақтастығы мен болашағына арналған бүгінгі тарихи форумға жоғары баға береді деп ойлаймын» деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, аталмыш саммиттің пленарлық отырысында Түркия Республикасының Президенті Р.Ердоған, Пәкістан Ислам Республикасының Президенті М.Хусейн, Мавритания Ислам Республикасының Президенті Мохаммед ульд Әбдел-Әзиз, Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.Мирзиёев, Гвинея Президенті А.Конде, Иран Ислам Республикасының Президенті Х.Рухани, Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Юсеф бен Ахмад әл-Осеймин сөз сөйледі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 76 рет
JoomShaper
Top