Қазақстанда «Қауырт желі 114» сайты іске қосылды

Бейсенбі, 27.07.2017
Қазақстанда «Қауырт желі 114» сайты іске қосылды

Астана. 27 шілде. KAZISLAM – Қазақстанда азаматтарға діни мәселелер бойынша онлайн-кеңес беретін «Қауырт желі 114» - www.114.kz сайты іске қосылды.

«Қауырт желі 114» Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен діндерді зерттеу орталығы қауымдастығымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Жоба азаматтарға діни мәселелер бойынша кәсіби және уақытылы көмек көрсете алады.

Мамандар телефон арқылы және сайттың онлайн режимінде тұрғындардың дінге қатысты сауалдарына жауап беріп, деструктивтік діни ағымдардан зардап шеккендерге психологиялық қолдау көрсетеді. Консультациялық кеңес қазақ және орыс тілдерінде жүреді.

«Қауырт желі 114» сайтында мемлекеттік діни саясат бойынша өзекті ақпараттар, діни қатынастарға арналған мақалалар мен сұқбаттар, сарапшылар пікірлері жарияланған.

«Қауырт желі 114» - Қазақстанда ғана емес, ТМД кеңістігінде жүзеге асырылып отырған бірегей бастама саналады.

Айта кетейік, соңғы үш айда (2017 жылғы 1 сәуір мен 31 маусым аралығында) «Қауырт желі 114» мамандарына азаматтардан 144 өтініш келіп түсті. Ең көп өтініштер мен шағымдар Қарағанды, Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарынан келіп түскен.

Мамандар хабарласқан азаматтар ішінде ислам мәселелеріне қатысты сауалдардың екі есеге өскенін айтып отыр. Көпшілігі хиджаб және орамал тағу, намаз оқу, «Ораза» ұстау, сонымен қатар исламдағы ажырасу мәселелері бойынша ақпарат білгісі келеді.

Еске сала кетейік, кеңес беру тегін әрі құпия түрде жүреді. Қоңыраулар қалалық телефонынан «114» нөмерін теру арқылы қабылданады. Оған қосымша қоңыраулар мен хабарламалар WhatsApp нөмері арқылы: +7 777 0000 114, сондай-ақ, www.114.kz. сайтында онлайн түрде қабылданады.  

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 272 рет

Қажылық анықтамалығы

JoomShaper
Top