Қ.Тоқаев Сауд Арабиясы Ислам зерттеулері орталығының басшысымен кездесті (ФОТО)

Жұма, 19.05.2017
Қ.Тоқаев Сауд Арабиясы Ислам зерттеулері орталығының басшысымен кездесті (ФОТО)

Астана. 19 мамыр. KAZISLAM –  ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Королінің кеңесшісі, Ислам зерттеулері орталығының төрағасы ханзада Түрки әл-Фейсал бен Абдель-Азиза әл-Саудпен кездесті. Бұл туралы Baq.kz хабарлады.

Кездесу барысында Сенат төрағасы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы қазандағы Эр-Риядқа сапары екіжақты қатынастардың қарқынды сипатына жаңа серпін бергенін атап өтті. Тоқаев өз сөзінде Қазақстан саяси жүйесіндегі Сенаттың рөлі туралы баяндап берді.

Кезедсуге қатысушылар Сириядағы жағдай жөнінде де пікір алмасты. Қ.Тоқаев бұл ретте жалғасын тапқан Астана процестері Сириядағы шиеленісті бейбіт реттеуге елеулі үлес қосуда.

Сенат Төрағасы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының таяуда өткен отырысының қорытындылары туралы да меймандарға мәліметтер берді.

«Біз әлемдік діндер басшылары мен көрнекті саясаткерлерді бір-бірін тыңдай алуы әрі түсіне алуы үшін бір үстел басына жинадық» деді Қ.Тоқаев.

Төраға Венада орналасқан Король Абдалла бен Абдель-Азиз атындағы Дінаралық және мәдениетаралық үнқатысудың халықаралық орталығымен байланысты жалғастыру маңызды екенін атап өтті.


 

Оқылды 44 рет
JoomShaper
Top