Республика бойынша Рамазан кестесі бекітілді (ФОТО)

Сейсенбі, 16.05.2017
Республика бойынша Рамазан кестесі бекітілді (ФОТО)

Астана. 16 мамыр. KAZISLAM –  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ораза күнтізбесін жариялады.

2017 жылы хижри күнтізбесі бойынша Рамазан айының алғашқы күні 27 мамырға сәйкес келеді. Ораза 29 күнге, яғни 25 маусымға дейін жалғасады.

Рамазан – әлем мұсылмандары өмір сүретін ай күнтізбесінің тоғызыншы айы, ең қадірлі, қасиетті ай. Рамазанның басталуы жаңа айдың тууымен басталады, сол себепті әр елде оразаның басталуы әркелкі келеді.

Рамазан оразасы – шариғатқа негізделген ислам дініндегі бес парыздың бірі. Бұл уақытта мұсылмандар өкпе-ренішті ұмытып, тіптен соғыс кезінде қаруларын тастайтын болған. Әр мұсылман өз іс-әрекетін Жаратушыны ойлап жасайды. Таң сәрі мен күн батар уақыт аралығы 17-18 сағатты құрайды. Осы уақытта мұсылман қауымы ішіп-жеуден тыйылады.

Сонымен қатар, ҚМДБ қасиетті Рамазан айында мұсылмандар үшін пітір садақасының мөлшерін бекітті. Биыл пітір құны 300 теңге, өткен жылдан 100 теңгеге жоғары. 


Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 227 рет
JoomShaper
Top