Мемлекет басшысы Ресей президентімен телефон арқылы сөйлесті

Дүйсенбі, 06.03.2017
Мемлекет басшысы Ресей президентімен телефон арқылы сөйлесті

Астана. 6 наурыз. E-ISLAM – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Екіжақты тілдесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Алматыдағы соңғы кездесулерінде қарастырылған мәселелер тұрғысынан екіжақты ынтымақтастықтың мейлінше өзекті жайттарын талқылады. Сонымен қатар, Владимир Путиннің таяуда Тәжікстан мен Қырғызстанға барған сапарына байланысты күн тәртібіндегі өңірлік мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Ресей Президенті жаңа ғана аяқталған Женева келіссөздері аясында сириялық оппозицияның әскери құрылымдарының Сириядағы дағдарысты реттеу мәселелеріне арналған кезекті кездесуін биылғы наурыз айының ортасында Астанада өткізуге ниетті екенін айтты.

Қазақстан Президенті мұндай келіссөздерді ұйымдастыруға дайын екенімізді мәлімдеді.

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.

Оқылды 186 рет
JoomShaper
Top