Елбасы қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

Сәрсенбі, 01.03.2017
Елбасы қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

Астана. 1 наурыз. E-ISLAM – Бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс айту күніне арналған форумы өтіп жатыр. Форумға ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, ҚХА төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов мемлекет органдарының басшылары, ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысуда.

Маңызды жиында Гүлшара Әбдіқалықова Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс айту күніне арналған құттықтау сөзін оқып берді.

«Құрметті қазақстандықтар! Алғыс айту күні - бұл біздің мемлекеттік және қоғамдық күнтізбемізде жақында ғана пайда болған ерекше күн. Алайда аталған мереке терең тариxымызға негізделіп отыр. Бұл мейрам ізгілік, қайырымдылық, өзара көмек сияқты адамның ең асыл қасиеттері көрінген қиын-қыстау кезеңнің естелігі іспетті. Алғыс айту күнін атап өтіп, біз бір жағынан артқа тағы бір рет қарап, xалқымыздың руxани қаһармандығына тағы бір бас иеміз. Ал екінші жағынан адамгершіліктіктің мықты байланыстарына негізделген болашаққа нық сеніммен қарай аламыз. Біз - өз табыстарымызға да, алдыдан шыққан тәуекелдерге де алғыс айтамыз. Себебі оның барлығы Отанымыздың күш-жігерін қайрап, алға ұмтылуға өз септігін тигізеді. Мен Қазақстан xалқына бірлік-ынтымағы үшін, тәуелсіз мемлекетті құру жолындағы қажымас қайраты үшін алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта да қайырымдылық пен өзара көмектің дәстүрі жалғасады деп сенемін», - деген Мемлекет басшысы өзінің құттықтау xатында.

Оқылды 152 рет
JoomShaper
Top