Жаңалықтар

Байкер-исламофоб райынан қайтып, Исламға құрмет көрсетті

Олардың бұл тәртіпсіздіктеріне жергілікті тұрғындар мен өзге діннің өкілдері дер кезінде лайықты жауабын да беріп, мұсылмандарға қолдау білдірген болатын. Алайда, Финикс мұсылмандарының мерейі мұнымен ғана шектеліп қалмады. Мұсылман қауымын тілдеген түрлі сөздер жазылған плакаттарымен қаруланған 200 байкер-исламофобшылар қатарындағы Джейсон Легер есімді жігіт мешітке келгенге дейінгі ойы мен райынан қайтып, мұсылмандарға құрмет көрсетті.

Джейсон аталмыш Ислам орталығына келгенге дейін бұл дін жайында толық ештеңе білмегеніне қарамастан, Ислам діні мен мұсылмандарды ұнатпағанын жасырмады. Дегенмен, Финикс мешітіне келуші бір топ мұсылмандар шақырылмаған әрі күтпеген қонақтардың мешітке кіруін өтінгенде, Джейсон өзгелерінен бөлініп, ұсынысты қабыл алады.

Мешіт имамының жүрекжарды сөздері мен дін жайындағы әсерлі әңгімелерінен кейін Джейсон Легер өз ісінен ұялып, өкініштен қызарып, мұсылмандардан кешірім сұрады.

«Мен мешітке кіріп, имамның сөзін ден қойып тыңдаған соң және мешіттегі мұсылмандардың көркем құлшылықтарын көрген соң қайран қалдым. Бұл маған ерекше әсер қалдырды. Олар менің барлық сұрақтарымның жауабын берді» дейді ол Fox10 News-ке берген сұхбатында.

«Ислам халқына деген құрметпен, олармен болған осы жүздесуден кейін енді еш уақытта мен бұл қателіктерімді қайталамаймын. Мен мұсылмандарды ренжіткім келмейді» деп ойын түйді ол.

 

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close