Жаңалықтар

Астанада терроризм мен экстремизмге қарсы акция басталды

Акция  терроризм, экстремизм және радикализмнің барлық көріністері мен түрлеріне қоғамның «нөлдік» төзімділік сезімін қалыптастыруға бағытталған. Жоба #noextremism,  #noterrorism хештегтерімен таралып жатыр.

Акция белсенділерінің айтуынша, бұл бастама қазақстандықтарды радикализмнің кез келген көрінісіне қарсы тұрып, ел ішінде бейбітшілік пен келісім орнатуға бағытталған.

Жалпы, тың идея алғаш рет Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде, нақтырақ айтсақ,  «Астана» футбол командасының кезекті ойынында талқыланған болатын.

«Noterrorism», «Noextremism» жобасын бокстан олимпиада чемпионы, Қазақстанның жеті дүркін чемпионы Бахтияр Артаев, сонымен қатар Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы Данияр Есин қолдады. Олар «Астана» командасының ойыншыларымен кезекті ойынның жаттығуы кезінде кездесу өткізіп, жобаның әлеуметтік маңызы жайын талқылады.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close