Ғибратты әңгімелер

Арақ не үшін арам ас?

— Я, Уәйланың әкесі! Осы адамды мас қылатын ішімдіктер жайында не айтасыз? Оның харам қылынуы неде? Ол тек қана отқа қайнатылған, ашытылған жеміс пен су емес пе? Ондағы су да, жеміс те мұбах (рұқсат етелген) қой.

    — Айтып болдың ба, диқаншы, әлде тағы да айтар сөзін бар ма? – дейді Ияс ибн Мұғауияһ.

    — Жоқ осы ғана.

    — Онда жақсылап тыңда. Алақаныма су толтырып алып ұрсам, саған зақым келтіре ме?

    — Жоқ.

    — Бір уыс топырақпен ұрсам, бір жеріңді ауырта ма?

    — Жоқ.

    — Бір уыс сабан алып ұрсам ше?

    — Жоқ.

    — Топырақ, сабан және суды араластырып, жақсылап илеп, кейін күнге кептіріп, қатқан кезде ұрсам, зақым келтіре ме?

    — Ия, тіптен өлтіріп қоюың мүмкін.

    — Арақ та сондай. Құрамына қажетті нәрселерді жинап, ашытсаң, харам болады, — деп сөзін тәмәмдады тәбиғин ғалым.

Асылхан ЖАҚЫПОВ

 

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Мынаны оқыдыңыз ба?

Close
Close