Жаңалықтар

Ақысыз «Имам такси» жобасы қолға алынды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Өскемен өңірі бойынша өкіл имамы, облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек қажы Мұқатай брифинг өткізді. Бұл туралы kaz.altaynews.kz сайты хабарлады. Оның айтуынша, ораза кезінде бір айы бойы «Имам такси» жобасы қолға алынады. Жоба аясында діни қызметкерлер жамағатқа тегін қызмет көрсетеді. Бұл таксилер ауызашардан соң оқылатын тарауих намазына келетін адамдарды ақысыз тасымалдайтын болады. Өйткені түнге қарай қоғамдық көліктер тоқтап қалатындықтан, қаланың әр шетінде тұратын адамдарға мешітке келу қиындық туғызады. Осы жайтты ескерген имамдар қасиетті Рамазан айында адамдардың алаңсыз құлшылық жасауына мүмкіндік туғызу үшін аталмыш жобаны қайта жандандырмақ.

Show More

Басқа жаңалықтар

Close