Жаңалықтар

Мүмкіндігі шектеулі жандар да мерекені сезінді (ФОТО)

Қасиетті Айт мерекесіне орай «Әзірет Сұлтан» мешітінде мүмкіндігі шектеулі балаларға дастархан жайылды. Қамкөңіл жандарға қасиетті мейрамның қуанышын сезіндіруге бағытталған бұл шараға 150-ден астам мүмкіндігі шектеулі жандар қатысып, айт мейрамына орай сыйлықтар алып, сергіп қайтты. Бұл туралы muslim.kz сайты хабарлады.

Кішкентай бүлдіршіндеріміздің жүзіне күлкі ұялатқан жағдай тек бұл ғана емес еді. Мешіт ұжымының ұйымдастыруымен кішкентай бүлдіршіндер үшін өнер көрсетуге келген күлдіргіштердің (клоун) орны бөлек болды. Балақайлардың бал күлкісіне толған «Әзірет Сұлтан» мешітінің мейрамханасы расында да мерекенің орталығына айналды.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close