Жаңалықтар

Дәстүр жаңғырығы: «Нұр Астана» мешітіндегі айт мерекесі (ФОТО)

Астана жұртшылығы күн райының бұзылғанына қарамастан таңертең «Нұр Астана» мешітін маңайлады. «Дін мен дәстүрді» сабақтастыруды мақсат еткен айтулы жиынның сәні — қазақтың киіз үйі мен берекелі дастархан болды. Сонымен бірге жыр-термелері арқылы жүректерге сәуле құйған өнерлі азаматтар айтулы шараның көрігін қыздыра түсті.

c93d3239414c8c13d793416182f9df01.JPG

7f2ed819307f5ac3cbd099665750c485.JPG

Құт қонған киіз үйлер алыстан мен мұндалайды.

43d2533e0b21f8a20a64e26c9bcb47ea.JPG

Қарттар үйінен арнайы шақырылған қонақтар мен мешіт жамағаты әуезді ән, салиқалы жыр тыңдады.

565a2edc24dca759dda364143134d331.JPG

Зағипа Иманғазиева «Тазару» әнімен…

9d16e961eedfb436b08f55f303529d87.JPG

d949b7b92407b26c364bcf9645403c52.JPG

«Нұр-Астана мешітінің Бас имамы халық арасында.

97d410084275e2c68d8b739e089867e3.JPG

ed73f85f9e30612e0f907ceca599d3bf.JPG

«Иісі мұсылман жұртшылығының ең ұлық екі мерекесі болса, бірі – ораза айты, екіншісі – құрбан айт мерекесі.

Ата дініміз бен баба дәстүрінен бастау алатын осы екі мерекенің бұқаралық сипат алуында сіз бенен біздің үлесіміз бар, ағайын. Әр шаңырақ отбасындағы балаларға осы күні жаңа киім, тәттілер, сыйлықтар беріп, жүректеріне қуаныш сыйлауды дағдыға айналдырса, ендігі ұрпақ ораза айтын асыға күтетін болады» деген ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Өтпенов жұртшылыққа жылы лебіз-тілегін жолдады.

14f1de00e520227b9c6aefe8c186f585.JPG

d0293a2e54a87793d8f801f7ac447b1e.JPG

Жыр жауһары шашылды…

d7e849345b161daeba2a36e45f8d8b3e.JPG

Халықтың жүрегіне жол тапқан өнер майталмандары.

1b535f1983f00384a85fea25c70fbf48.JPG

81ef5ff4d488a181d4073299b84d8bb7.JPG

E-islam.kz

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close