Жаңалықтар

Бас мүфти атынан 700 кісіге ауызашар берілді

«Алматыдағы «Бекет ата мешітінің ауласына тігілген шатыр мен мешіттің арнайы асханасына және мешіт ауласына жайылған ауызашар дастарханына арнайы шақырылған қонақтар мен Алатау ауданына қарасты барлық мешіттердің жамағаттары келіп ауыз ашты» аталған мешіттің баспасөз қызметі. Ауызашар барысында мешітте ұзақ жылдардан бері қызмет етіп келе жатқан, мешіттің азаншысы болған Берікболов Мүлік Есімбекұлына Бас имам О.Дәуренбеков атқарған қызметіне алғыс білдіріп, қазақы салтпен иығына шапан жапқан. 

Рамазанның құрметіне арналған шаралар «Бекет-ата» мешітінде тұрақты түрде атқарылып жатыр. Күнделікті мешіт ауласына тігілген шатырға ауызашар ұйымдастырылып, екі жүзден астам жамағатқа дастархан жайылуда. Бас имам О.Дәуренбеков олардың басы қасында болып, арнайы шақырылған қонақтармен сұхбаттасып, уағыз жүргізілуде. Алдағы уақытта да мешіт арнайы бағдарламада қамтылған шаралар жалғасын тауып, өңірдегі зиялы қауым, құқық қорғау қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер, мүгедектер, дәрігерлер, соғыс ардагерлері мен жетім балаларға ауызашар беруді жоспарлап отыр. 

E-islam.kz

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Мынаны оқыдыңыз ба?

Close
Close