Новости

Путиннің Құдайға сенімі хадиспен үндес шықты

Саңлақ сахабалардың бірі Әбу Хурайрадан (р.а.) риуаят еткен (Бұхари мен Мүслім жеткізген) хадисте айтылғандай, әр адам мұсылман болып туады. Мұны неге айтып отырмыз?

Кеше Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин халықпен тікелей байланысқа шығып, тұрғындардың қойған сауалдарына жауап қатты. Жаратқанға сенімі туралы қойылған сауалға РФ президенті әрбір адамның сеніммен дүниеге келетінін, алайда, кейбіреулер мұны басына қиындық түскенде ұғатынын жеткізді. «Бұл өте интимді мәселе. Бұл жайында көпшілікке айтып жатудың қандай қиын екенін өзіңіз де білесіз. Меніңше, адам сеніммен туады. Тек адамдар түрлі уақытта және түрлі жағдайда мұны түсінеді»,- деп мәлімдеді. Бұл туралы asyldin.kz хабарлады.

Бала өтірік айта алмайды. Яғни, «балалы үйдің ұрлығы жатпайды» деген сөз бар. Бұл да адамның мұсылман болып туатынының бір дәлелі емес пе.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close