Жаңалықтар

Астана халқы Ел бірлігі күнін Елбасымен бірге мерекелеуде

Астанада Қазақ Елi монументi алдында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Ел Бiрлiгi күнi мерекесi басталды.

Бүгiн күнi бойы дүбiрлi концерттiк бағдарлама жалғаспақ. Бас сахнада 700-ден астам өрен мен шығармашылық ұжымдар өз өнерлерiн қала тұрғындары мен қонақтарға паш ететiн болады. Қазақстан халқының бiрлiгi күнi мерекесiне орай, сахнада «Құрақ көрпе» құрылымы суреттелiп, ондағы әр шығарма ел ынтымағының бiртұтастығын арқау етпек.

Сахнада «Наз» би ансамблi, «Шабыт» қазақ ұлттық өнер университетiнiң би тобы, Өскемен қаласының «Флэш» балет тобы, Қарағандының «Исторка» би ансамблi, Шымкент қаласының «Шамсинур» және «Айгөлек» би топтары, сондай-ақ ТМД елдерiнен — «Вайнах» би ансамблi (Шешен Республикасы), Мемлекеттiк Омбы би және ән ансамблi, Тбилисидің грузиндiк ұлттық хор, Анкараның түрiк ұлттық хоры мейрамды тойлауға жиналған жұртшылықты дәстүрлi өнерлерiмен таныстыратын болады. Ал алыс та жақын шетелдік мемлекеттерден арнайы келген  әншілер — Зитхер (Германия), Мадан Оак ( Үндiстан), Чжудың (Қытай) қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік тартулары да халық көңілінен шығары сөзсіз.

Жасұлан Жолдыбаев

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Мынаны оқыдыңыз ба?

Close
Close