Жаңалықтар

Ғылмани музейі ашылды

Астана қаласында Сәдуақас қажы Ғылманидың мұражайы ашылды. «Біз ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрімізді сол қалпында ұлықтауға тиіспіз» деген елбасының  «Қазақстан-2050» стратегиясында басымдық берілген мәдени құндылықтарды ұлықтау бастамасымен және ҚМДБ жариялаған «Дін және дәстүр» жылының қарсаңында қолға алынып отырған игі шараға ҚР Дін істері агенттігі мен ҚМДБ мұрындық болды. Жиында сөз алған ҚР Дін істері агенттігінің басшысы Марат Әзілханов Ғылмани мұраларының құнын айқындап, оның дін саласына сіңірген еңбегін екшеп берді.  Жиынға «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб-муфтиі Серікбай қажы Ораз, Мәжіліс депутаты Азат Перуашовтармен қатар, өзге де беделді тұлғалар қатысты. Шараға арнайы шақырылған ғалымның қызы Үкіжан Сәдуақасқызы осынау игілікті шараға себепкер болған барша мұсылмандарға алғысын білдірді. Айта кетейік, музей Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ауласында орналасқан. Келем деушілерге есік ашық. Кез-келген азамат дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері тегін келіп, музейді аралау мүмкіндігіне ие. 

ce9b8cbf68b894e9ee2ed86bd57b1c3c.jpg

e59329b8472a185f059aecceb6c4f158.jpg

c5bed4a8b2b154ea5b4bbb1242bf3c92.jpg

4adc448d07e0bc84390ac48896312634.jpg

9ffffee0367273c11b738e81f4368932.jpg

d3024ec71e7d025fd8ba9a159ef32a30.jpg

fda49baf1a7690414bbe57bf6da62d33.jpg

E-islam.kz

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Мынаны оқыдыңыз ба?

Close
Close