Жаңалықтар

600 мың сириялық үйлеріне оралды

Халықаралық миграциялық ұйым мәліметінше, қаңтар айы мен шілде айы аралығында өз үйлеріне 602 79 адам оралған. Сириялықтың басым бөлігі Алеппоға келген. Сириядағы босқындардың 84%-ы қарулы қақтығыстардан тыс тыныш аудандарда болған. 16%-ы отанына Ливан, Иордания, Түркия мен Ирак елдерінен келген.

Босқындардың көпшілігі елдеріне қалып кеткен баспаналары, дүние-мүліктері үшін келгенін жасырмаған. Тағы біраз бөлігі Сириядағы экономикалық жағдай жақсарып келе жатқанына байланысты келгенін жеткізді. 11%-ы Отандарында қауіпсіздік артып келе жатыр деген сенімде. Сауалнамаға қатысқандардың 14%-ы елдегі жағдай төмендеп кеткен деп бағалады.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close