Жаңалықтар

БАӘ-де сот «Мұсылман-бауырлардың» әмірліктегі 30 мүшесін түрмеге жапты


Біріккен Араб Әмірліктерінің Жоғарғы Федеральды соты «Мұсылман-бауырлардың» әмірліктегі бөлімшесінің 30 мүшесін3 айдан 5 жылға дейінгі мерзімге түрмеге жапты. «Скай ньюс — Арабия» теле арнасының хабарлауынша,осы құрылымның кеңселері жабылып, мүліктері тәркіленген.

Исламисттердің елдің билігін хабардар етпей саяси ұйым құрғаны, Мысырдағы «Мұсылман-бауырлардың» орталық бөлімшесінің қажеттілігіне қаржы жинап жібергені, сол сияқты үшінші тарапқа елдің қауіпсіздігіне  залалын тигізетін құпия ақпараттарды бергені үшін айыпталғаны хабарланды.

2013 жылдың шілде айында да ислам радикалдарына қарсы сот ісі өткен болатын. Ол жолы 69 адам  кінәлі деп танылған, олардың басым көпшілігі «Әл-Ислах» экстремистік ұйымының мүшелері еді. Бұл Әмірлік пен Мысыр ара қатынасының біршама суытуына алып келген болатын. Бұл елдердің қарым-қатынасы тек Мұхаммед Мүрсиді биліктен кетіргеннен және елде «Мұсылман-бауырларды» террорлық ұйым деп жариялағаннан кейін ғана қалпына келді.

e-islam.kz

e-islam.kz

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close