Жаңалықтар

Ливия шариғат заңымен жүрмек

Бұдан  былай  ливиялықтардың  ислам заңдарына  бағынатын  болады.  Елді  басқаратын  Жалпы  ұлттық  конгресс  басқарушы  мемлекеттік  мекемелер  үшін  негізгі  заңды  құжат  ретінде  шариғаттың  енгізілуін  қолдады.

«Ислам  заңдары  бұдан  былай  Ливияда  заң  шығарушылықтың  негізгі  көзіне, ұстанар  ұстанымына  айналады. Биліктің  барлық институттарына  осыған  бағыну  керек»  делінген  құзырлы  органдардың  дауыс  беруден  кейінгі  мәлімдемесінде.  Алайда,  бұл  шешімнің  қай  салада  қабылданатыны  әлі нақты жазылған  жоқ.  Арнайы  комитет  таяу  арада  қазіргі  заңнаманың  шариғат  нормаларына  сәйкестігін  тексере  бастайды.

Атап  кетерлігі,  Ливиядағы  барлық  көтеріліс  ислам  туын  көтерумен  өтті.  Оппозиция  өкілдері  біраз  уақыт  бойы  демократияны  талап  етті,  дегенмен,  жеңістен  кейін  елде  исламға  жол  берілді.  Муаммар  Каддафидің  кезінде  елдегі  өмір  Құранмен  емес,  Джамахирия  жазған  Жасыл  кітаппен  реттеліп  отырған.

e-islam.kz

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Мынаны оқыдыңыз ба?

Close
Close