Жаңалықтар

Жетімін жебеген елміз

Қасиетті Құранның «Бақара» сүресі 220-аятында Жаратушы былай дейді: «Ей Мұхаммед! Олар сенен жетімдер туралы сұрайды. Оларды түзелткен жақсы. Әкесіз қалған бейшара жетімдердің мүддесіне бола, олармен араласып өмір сүріңдер. Олар сендердің діндес туыстарың. Алла бұзушыны түзеушіден айырып біледі…». Иә, шариғат сенімінде әкесі қайтыс болған бала анасы тірі болса да жетім саналады. Ал анасы жоқ, әкесі тірі бала жетім емес. Себебі, Исламда перзент үшін отбасында әкені бас қамқоршы, перзенттің болашағы үшін ең үлкен жауапты адам деп біледі.

Атам қазақ жетімін жылатпаған. «Жетім көрсең жебей жүр» деген дана сөз де бар. Жуырда Павлодар қаласындағы «Ақмешіт» мешітінің ұйымдастыруымен мұқтаж жандарға, яғни көп балалы аналар мен әке қамқорлығынан айырылған балаларға көмек көрсетілді. Расында, өңірде әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы нашар отбасыларына қамқорлық көрсетіп жүрген қалталы азаматтар мен қайырымдылық қорлары аз емес екен. Солардың бірі — намазхан мұсылман Мақсұт Сүлейменов. Мұндай игі шараға ат салысып, демеушілік етіп отырған ол әке қамқорлығынан ерте айырылған 9 жасар Абсялямов Ілияс пен көп балалы жесір ана Ажмағамбетова Мәдинаға жиырма мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті.

Қиындықта өмір сүріп жатқан адамдарға Алла-тағала жолында көмектеспек керек. Жаратушы қаласа дүниеде молшылық беріп, ақыретте үлкен сауапқа ие етеді.

e-islam.kz

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Мынаны оқыдыңыз ба?

Close
Close