Жаңалықтар

Медресе құрылысына халықтан 1,3 млн теңге жиналды

«Нұр Ғасыр» мешітінің жамағаты Ақтөбе медресе-колледжінің құрылысына 1 333 000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті.

Мешіт ішіне Рамазан айында қойылған арнайы жәшікке осындай сомада қайырымдылық көмек жиналды. Жамағаттың әр жария садақасы медресенің бір кірпіші болып қалануда. Ислами білім ордасының жаңа ғимаратын тұрғызуда жәрдемдесіп жатқан барша жаны жомарт, жанашыр кісілерге Алла разы болғай дейміз! Садақаларын сауаптан жазғай!

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбе медресе-колледжі енді облыс орталығына көшірілмек. Осы мақсатта облыс әкімдігінен 5 га жер бөлінді. 2017 жылы медресенің капсуласын салу рәсімі өтті. Алдағы уақытта құрылыс жұмыстары басталады деп күтілуде.

Медресе құрылысына төменде көрсетілген есеп-шоттар бойынша қаржылай көмек беруге болатынын қосымша хабарлаймыз. Бүгінгі күнге дейін жиналған қайырымдылық сомасы — 11 миллионға жуық теңгені құрап отыр.

  • «Ақтөбе медресе қолдау қоры», ағымдағы есепшот: KZ508562203104779348. «Банк ЦентрКредит» АҚ, БИК: KCJBKZKX, БИН: 901041000015.
  • QIWI есепшоты: +77081737501
  • Игі іске үйде отырып-ақ, үлес қоса аласыз: www.islamedu.kz сілтемесіне өтіп, «Қайырымдылық жасау» батырмасына басасыз. Ұяшық ішіне аударылатын қаражат сомасын енгізесіз. Өз банк картаңыздың нөмірін тергеннен кейін тиісті сома тікелей шотқа аударылады.

Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің

баспасөз қызметі

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close