Жаңалықтар

Өзбек азаматы жұма сайын тегін нан таратады

Астана. 8 маусым. KAZISLAM – Өзбекстанның Самарқанд облысының тұрғыны Самар Махмұдов әр аптаның жұма күндері тегін нан таратады.

Ол жұма күні №30 мектебіне келіп, жалпы саны 700-800 нан береді. 23 жасар кәсіпкер Самардың жеке нан өндіретін цехы бар. Өзінің айтуынша, әр адам сауапты істерге қатысуына болады, қайырымдылықты кейінге қалдыра салған жөн емес. Өмірді осылайша өзгертуге болады. Ал Самарқанд тұрғындары Самардың сауапты бастамасына жоғары баға беріп, кәсібіне береке тіледі.

Show More

Басқа жаңалықтар

Close