Жаңалықтар

Түркия президенті көпшілікпен Қадір түніне қатысты

Ердоған Стамбұл Эсенлерде Қадір түніне орай ұйымдастырылған дұға бағдарламасына қатысты.

Президент Режеп Тайып Ердоған мешіттерді жапқан және дін қызметкерлерін шекарадан шығарған Австрияға қатаң наразылық көрсетті.

Австрия премьер-министрі Себастьян Курзға үн қатқан президент «Австрияда бір мешіттің жабылуы, мұсылмандардың шекарадан шығарылуы крест пен жарты ай арасында дағдарысқа жол ашады, осының жауапкері сен боласың» деді.

Жолдамасының тек қана Австрия емес, жалпы батысқа екенін атап айтқан президент Ердоған «Осыны айтқан кезде тек қана сол жерге үн қатып жатқан жоқпын. Тұтас батысқа үн қатамын. Әй, батыс Германиядан бастап, бұл қадамдарыңызды қайтадан реттеңіз. Ретке келмеген жағдайда крест пен жарты ай арасында соғысқа айналатын болады. Өйткені біздің де өзімізше басатын қадамдарымыз бар. Сол үшін менің 250 мың бауырыма зұлымдық жасауға рұқсат бермейміз. Қажетті шараны қолданамыз» деді.

Ердоған Аракандағы мұсылмандарды елді мекендерінен кетуге мәжбүрлеу мен Еуропаның кіндігіндегі мұсылмандардың мешіттерін жабудың саналық тұрғыдан ешқандай айырмашылығы жоқ екенін атап көрсетті.

Дұға бағдарламасына 100 мыңнан астам адам қатысты.

Show More

Басқа жаңалықтар

Close