Жаңалықтар

Саудияда әйелдерге арналған ерекше сән үлгісі көрсетілді (Видео)

Саудиядағы сән үлгілері шарасында елде жоқ ерекше көрініс әлеуметтік желіде қызу талқыланып, интернет пайдаланушыларын бей-жай қалдырмады, деп хабарлайды islam.kz.

Біреулері шегі қатып күлсе, енді біреулері таңданысын жасырмады. Тағы біреулері наразылығын білдіріп жатыр. Нақтырақ айтқанда, Жидда қаласындағы қымбат қонақ үйде өткен салтанатты шарада сән үлгілерінің жаңа коллекциясын әйелдер емес, дрондар көрсеткен. Дәлірегі, дрондар киім ілгіш қызметін атқарып, тамашалауға келген жұртшылыққа көйлек-көншекті көлденең тартқан. Аталмыш шараны ұйымдастырушылар осылайша шариғат талаптарын сақтаған болды. Алайда, бұл қарадүрсін әрекеті көрермендердің табасына қалып жатты.

Show More

Басқа жаңалықтар

Close