Новости

Рамазан құрметіне 10 күн демалыс жарияланды

Астана. 8 маусым. KAZISLAM – Сауд Арабиясы биыл қасиетті Рамазан айының құрметіне 10 күн демалыс жариялады. Енді саудиялықтар 15-24 маусым күн аралығында 10 күн демалады.

Рамазаннан кейінгі демалыс туралы қаулыға король Салман бин Абдул-Азиз қол қойды. Ал Шешенстан республикасы да Ораза айт мерекесіне 4 күн қатар демалыс жариялап отыр. Шешен басшысы Рамзан Қадыровтың бұйрығымен республика халқы 15, 16, 17 және 18 маусым күндерін мерекелейтін болады.

Show More

Басқа жаңалықтар

Close