Ислам және қоғам

МЕН ҚАНДАЙ ПЕРЗЕНТПІН?

Күндердің күнінде бір ақсақалға жас жігіт келіп:

— Ата, мені мазалап жүрген бір сұрақ бар еді. Осы мен жақсы адамдардың қатарына жатамын ба әлде жаман ба? Қалай білсем болады?

— Егер сен ата-анаңа Аллаһтан дұға етіп, олар үшін ізгілік тілеп жүрген болсаң жақсы адамдардың қатарындасың. Себебі, ардақты пайғамбар с.а.у. айтып кеткендей ата-анасына дұға етуші — қайырлы ұрпақ саналады. Ал, егер ата-анаңа дұға жасаушылардан болмасаң жаман адамдардың қатарындамын деп біл, деген екен.

Хадис:

Ибн Омардан жеткен хадис бойынша ардақты Мұхаммед с.а.у. пайғамбар былай деген: «Аллаһтың алдында ең сүйікті адам — өзгелерге пайдысы тиген адам». ат-Табарани

Ибн Омардан жеткен хадис бойынша Ардақты Мұхаммед с.а.у. пайғамбар былай деген: «Аллаһтың алдында ең жақсы амал — өзгенің кеудесіне қуаныш ұялатқан амал».  ат-Табарани

Жалғас АСХАТҰЛЫ – дінтанушы

Show More

Басқа жаңалықтар

Мынаны оқыдыңыз ба?

Close
Close