Жаңалықтар

Катарда 200 адам ислам дінін қабылдады

Астана. 5 маусым. KAZISLAM – Катарда шейх Джассим бин Мухаммед бин Сани атындағы алтыншы Құран оқу конкурсында 200 адам бір мезетте ислам дінін қабылдады, деп хабарлайды The Peninsula Qatar.

«Исламды жаңа қабылдаған қатысушылар Азия мен Африкадағы 11 елдің азаматтары» деп түсіндірді конкурсты ұйымдастырушы комитет өкілі Сұлтан әл-Бадар.

Катар билігі дінді жаңа қабылдаған мұсылмандарға ерекше назар аударады. Жыл сайын араб елдеріне келетін жүздеген шетел азаматтары елде жүргізілетін нәтижелі діни-рухани жұмыстар арқасында ислам дінін қабылдап, мұсылман болады. Олар дінді қабылдап қана қоймай, елдегі арнайы орталықтарда білімдерін жетілдіреді.

Катарда өткен Құран конкурсында исламды жаңа қабылдаған жандарға бөлек деңгейде сайыс өткізілді. «Мәдени және ислами орталық дінді жаңа қабылдаған адамдарға көптеген бағдарламалар ұйымдастырды, оның ішінде қоғамға тез сіңісу үшін қасиетті Құран аяттарын және араб тілін үйретіледі» дейді әл-Бадар.

Show More

Басқа жаңалықтар

Close