Сіз білесіз бе?

Ұйқы ұзақтығының ұрпақ сүюге әсерін білесіз бе?

Ер адамдардың денсаулығы өте қысқа немесе ұзақ ұйқыдан үлкен зардап шегеді. Америкалық ғалымдар тобы ұйқы ұзақтығының ер адамның денсаулығына әсері және ұрпақ сүюге ықпалы туралы зерттеу жүргізді.
Зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, ер адам тәулігіне 6 сағаттан кем немесе 9 сағаттан артық ұйықтаса, бұл оның әке болуына айтарлықтай кедергі келтіреді екен. Бостон университеті мамандары 21-45 жас аралығынағы 695 ерлі-зайыптылар арасында тәжірибе жүргізді. Олар ер адамның ұйықтау ұзақтығын бақылап, әр 8 аптада жұбайларының жүкті болу көрсеткіштерін тіркеп отырды. Зерттеу нәтижесінде ұзақ ұйықтау жағдайында балалы болу мүмкіндігі 43 пайызға төмендейтіні белгілі болды.
Осылайша ер адам тәулік ішінде 9 сағаттан артық ұйықтаса оның артына ұрпақ қалдыру мүмкіндігі 42 пайызда ғана құрайды.

Show More

Басқа жаңалықтар

Close