Жаңалықтар

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Оңтүстіктің бас мешітінде

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев Оңтүстік Қазақстан облысының бас мешітіне арнайы ат басын бұрып, зиярат етті. Бұл туралы «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайты» хабарлайды. Мәретебелі мейманды ОҚО өкілі әрі облыстық мешіттің бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев қарсы алып, Оңтүстіктің құлшылық ордасымен таныстырды. Министр мырза Құран оқытып, барша Қазақ елінің амандығын тілеп бата жасады. Құлшылық ордасының тыныс-тіршілігімен жақын танысқан Министр ОҚО орталық мешітінің ұжымына сәттілік тіледі. ОҚО өкілі Бақтыбай қажы Бейсенбаевпен бірқатар мәселелер бойынша сұхбат жүргізді. Әңгіме барысында діни кадр дайындау мәселелері, білім беру жүйесін дамыту тетіктері, тағы да басқа түйткілді тақырыптар қозғалды.

Show More

Басқа жаңалықтар

Close