Жаңалықтар

2018 жылға қажылықты ұйымдастыру бойынша отырыс өткізілді

Ағымдағы жылғы 22 маусымда Министрліктер үйі ғимаратында Дін істері және азаматтық қоғам Вице-министрі Б.Арынның төрағалығымен 2018 жылға қажылықты ұйымдастыру жұмыстары бойынша арнайы отырыс өткізілді.

Отырысқа ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, «Уақып» қазақстандық қоры» корпоративтік қоры мен «Қазақ тревел» туроператорлық компаниясының өкілдері қатысты.

Отырыс барысында қажылыққа баруға ниетті азаматтардың уақтылы екпе алуларын қамтамасыз ету; «СКАТ» және «Флай-Нас» әуекомпанияларының қажыларды тасымалдауы слоттардың уақтылы алулары, қажылықты ұйымдастырудың негізгі мәселелерін және қазақстандық қажылық миссиясының жұмысын ұйымдастыру мәселелері пысықталды.

Отырысқа қатысқан ҚМДБ-ның найб-мүфтиі Б. Есмахан, ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті мен ҚР Денсулық сақтау министрлігі өкілдері сөз сөйлеп, өздерінің қажылықты ұйымдастыру бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы ақпараттар берді.

Отырысқа қатысушылар биылғы жылы менингитке қарсы екпе алу мәселелеріне еркеше назар аударды.

Сонымен қатар қажыларды Мекке мен Мединаға апарумен айналысатын қажылық және әуе компанияларының жауапкершіліктері мен міндеттері туралы талаптар талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан қажыларының миссиясына қажылықты ұйымдастыру жұмыстары бойынша нақты жұмыстар жүргізу тапсырылды.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close