Күн саны

20 000 000 000 KZT

Мемлекет басшысының бастамаларын іске асыру шеңберінде Қазақстан Ұлттық Банкі экономиканы ұзақ мерзімді кредиттеуді қамтамасыз ету бойынша және ипотекалық кредиттеуді дамыту арқылы тұрғын үйді қолжетімді ету бойынша жұмыс істеуде. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Астана қаласында өткен Үкімет отырысындағы «Әлеуметтік-экономикалық дамудың және республикалық бюджеттің орындалуының 2018 жылғы 5 айдағы қорытындылары туралы» сөйлеген сөзінде айтып берді.

Д. Ақышев ұзақ мерзімді кредиттеуді дамыту мақсатында банктер 200 млрд. теңгені 7-20-25 Бағдарламасының шеңберінде таяу жылы алатынын, оны ипотекалық кредиттеуге жұмсайтынын айтып берді. Болашақта сома 1 трлн. теңгеге жетеді, бұл банктердің ипотекалық портфелінің ағымдағы көлемін 2 трлн. теңгеге дейін екі есе көбейтуге мүмкіндік береді.

Show More

Басқа жаңалықтар

Close