Новости

20 мың содыр отандарына оралуы мүмкін

Астана. 8 қараша. KAZISLAM –  Сирия мен Иракта жеңіліске ұшыраған шетелдік террористер өз елдеріне қайтуды көздейді. Бұл туралы БҰҰ бас хатшысының Терроризммен күрес мәселелері бойынша орынбасары Владимир Воронков мәлімдеді, деп жазады ТАСС агенттігі.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Сирия мен Ирак территорияларында жүрген 110 елдің 20 мыңнан аса содыры өз отандарына оралуы мүмкін. «Бұл жерде әңгіме адам өлтірудің түрлі тәсілін меңгерген 20 мыңнан аса лаңкес туралы болып отыр. Олардың кейбірі экстремистік пиғылдарынан қайтқанымен, өзгелері өз елдеріне жеткен соң неше түрлі қылмыстарды жасайды» дейді В.Воронков.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close